АНАЛЫҚ БЕЗІНІҢ ПОЛИКИСТОЗДЫ СИНДРОМЫНЫҢ ЗАМАНАУИ ЕМДЕУ ӘДІСТЕРІ

А.Р. Онлас · 2016

Қазіргі уақытта аналық безінің поликистозды синдромы клиникалық және қоғамдық денсаулық тұрғысынан маңызды болып табылады. Бұл аурумен репродуктивті жастағы әйелдердің бестен бірі зардап шегеді. Бұл айтарлықтай әртүрлі клиникалық көріністерге ие, айта кетсек репродуктивті (бедеулік, гиперандрогенезм, гирсутизм), метаболикалық (инсулинрезистенттілік, глюкозаға толеранттылықтың бұзылуы, 2-ші тип қант диабеті, қан тамыр жүйесінің жағымсыз қауіп қатері) және психологиялық ерекшеліктері (жоғары үрейлілік, депрессия және өмір сапасының нашарлауы).

Cited by 0 works.

Authors