Бас миының созылмалы ишемиясы бар науқастардың емінің сұрақтарына

Г Б Абасова, Г А Диханбаева, А Ш Шакен et al. · Vestnik · 2016

Біздің зерттеуіміздің мақсаты бас миының созылмалы ишемиясы бар науқастардың еміндегі «Танакан» препаратының терапевтикалық тиімділігіне және төзімділігін оқып үйрену болып табылады. Зерттеудегі негізгі топтың 25 пациентті «Танакан» препаратын 40-80мг мөлшерде үш реттен, 2 ай уақыт қабылдаған. «Танакан» препаратын қабылдағандарда когнитивті функциясының және есте сақтаудың жақсаруы, нейропсихологиялық тесттерді жақсы орындау, сонымен бірге бас миының созылмалы ишемиясы бар пациенттерде неврологиялық ошақтардың регрессі байқалды. Препаратқа төзімділік жақсы боғандықтан, оны осы категориядағы науқастарды емдеу үшін ұсынуға болады.

Cited by 0 works.

Authors