Ортопедиялық стоматологияда адам тістерінің ұлт ерекшеліктерін ескеріп төменгі шайнау тістерінің бетін қалыптастыруда инновациялық көзқарас
Е.Х. Абдразаков, Г.Т. Досбердиева, А.О. Сейдаханова et al. · Vestnik · 2015
Тіс сауытының және тіс қатарының ақауларын ортопедиялық емдеу тіс тінінің және тіс қатарының кетігіңің жоғалтқан морфологиялық элементтерін қалыпына келтірумен жүреді. Осыған орай ортопедиялық стоматологияда эстетиканың маңызы ұлғайды. Жасанды тістердің табиғи түрге жеткізу үшін тістердің түсін, көлемін, пішінін, сырқы сипатын ұлт ерекшеліктерін ескермей жекелендіру қағидаларын қолданылады. Сонымен, казақ және орыс ұлтының арасында жүргізілген одонтоскопиялық салыстырмалы анализ барысында тригонидтің дистальді айдаршығы қазақ ұлтында орыс ұлтына қарағанда (8,7рет) көп кездескен. Жыныс арасында салыстыру барысында айтарлықтай айырмашылық болмады. Зерттеу қорытындылары бойынша салыстырылып жатқан топта төменгі бірінші азу тісте қосымша ішкі ортаңғы төмпешіктің кездесу жиілігі аз болды. Қарастырылып жатқан белгінің вариабельдігі 3,4–6,3%. Осыған орай төменгі бірінші азу тістің қосымша ішкі ортаңғы төмпешігі бірінші топта 3,4%, ал екінші топта біріншіге қарағанда бұл көрсеткіш 1,9 рет жоғары, яғни 6,6%. Одонтологиялық сипаттың негізгі кешені қазақ ұлтын еуропоидты-монголоидты метисті топ ретінде сипаттайды.
Cited by 0 works.