КЕЙБіР КОНДИТЕРЛіК БұЙЫМДАРДЫң құРАМЫНДА МАЙ қЫШқЫЛДАРЫ ТРАНС-ИЗОМЕРЛЕРіНің МөЛШЕРіН БАғАЛАУ
Д.А. Сукенова · Vestnik · 2016
Мақалада отандық және импорттық кондитерлік бұйымдардың май қышқылдық құрамы, әсіресе транс-май қышқылдарының мөлшері туралы мәліметтер келтірілген. Зерттеу мақсаты: Кондитерлік бұйымдарда май қышқылы транс-изомерінің мөлшерін бағалау. Зерттеу әдісі: Майлы қышқылдарын анықтаудың көптеген әдістеріне қарамастан, кондитерлік бұйымдардың құрамындағы май қышқылдарын гексан арқылы қышқыл ортада экстракциялау және нәтижесі газды хроматографиялық талдауға негізделеді. Зерттеу нәтижесі: Зерттелген үлгілердегі май қышқылдары транс-изомерлерінің мөлшерінің орташа және медианалық көрсеткіштері Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Еуразиялық Одақтың ұсынып отырған көрсеткіштерінен әлдеқайда жоғары болды. Қорытынды: ҚР жүрек-қан тамыр жүйесінің ауруларынан (жүректің ишемиялық ауруы, атеросклероз, гипертониялық ауру) халық арасында аурушаңдық пен өлім-жітімнің көбеюінің негізгі себептерінің бірі транс-май қышқылдары жоғары мөлшерде кездесетін тағам өнімдерін тұтынумен байланысты деп болжауға болады.
Cited by 0 works.