Оценка вегетативного статуса жителей Восточно-Казахстанской области, подвергшихся радиационному воздействию в диапазоне малых доз

Людмила М. Пивина, Юлия М. Семенова, Жунусов Е.Т. et al. · CyberLeninK (CyberLeninka) · 2018

Кіріспе: Сәулеленудің аздаған дозасы нейроэндокринді кешенмен әсіресе вегатативті жүйке жүйесімен бақыланатын физиологиялық механизмдердің жалпы реттелуінің бұзылысын және бейімделу процесснің тиімділігінің төмендеуін шақыруы мүмкін. Мақсат: Аздаған доза диапазонында сәулелік әсерге ұшыраған Шығыс Қазақстан тұрғындарының вегетативті статусын бағалау. Әдістері: ШҚО Абай ауданының, ШҚО Бородулиха ауданының, ШҚО Күрішім ауданының тұрғындарына зерттеу жүргізілді. Іріктеменің жалпы көлемі 700 адамды құрады. Аздаған доза диапазонында сәулелік әсерге ұшыраған тұлғалардың вегетативті статусын бағалау үшін бізбен Кердо индексін анықтау, Ашнер-Даньинии сынамасы, ортостатикалық сынама алынып ВРС-спектометриясы жүргізілді. Қосылу критерилері: жас мөлшері 1850 жас, ССЯПтың әсер ету аумағында тұрып жатқандығының заңды түрде расталуы. Алынып тасталу критериі: ОЖЖ-нің органикалық зақымдануы, декомпенсация сатысындағы соматикалық сырқат. Бақылау тобы ШҚО Күрішім ауданының тұрғындары. Зерттеу дизайны – көлденең. Статистикалық өңделу: IBM SPSS Statistics 20.0 зерттелетін белгілердің қалыпты топтастырылуын және сипаттамалы статистикалық сандық ауыспалыларды бағалаумен бірге алғанда. Сапалы ауыспалылар абсолюттік сандар арқылы және олардың пайыздарымен берілген. Топтардағы айырмашылықтар бағасы критериімен анықталған. Нәтижелер. Вегетативті баланстың парасимпатикалық бағыттағы вегетативті дисфункция түріндегі бұзылыстары, вегетативті тонустың, вегетативті реактивтіліктің, сонымен қатар 18-29 жастық топтарының тұлғаларында парасимпатикалық бағыттағы қан айналым жүйесінің регуляциясының бұзылысы анықталды, сол кезекте егде топ өкілдерінде симпатотоникалық бағыт әсерінің жоғарлауы байқалды. Қорытынды: ШҚО Абай, Бородулиха ауданының сәулелік әсерге ұшыраған тұрғындарының денсаулық жағдайының анализі парасимпатикалық бағыттағы вегетативті регуляцияның бұзылысы бар тұлғалардың көбейуімен байқалатын (р<0.05; 0,05) организмнің спецификалық емес резистенттілігінің бұзылысының белгілерін көрсетті.

Cited by 0 works.

Authors