СОЗЫЛМАЛЫ АУРУЛАРДЫ БАСҚАРУ: БАҒДАРЛАМА ТИІМДІЛІГІНІҢ ДӘЛЕЛІ
А. Б. Құмар, Lyazzat K. Kosherbaeva, Akmaral Abikulova et al. · CyberLeninK (CyberLeninka) · 2019
Бүкіл әлемде созылмалы аурулар өлім мен мүгедектіктің негізгі себебі ретінде инфекциялық аурулардан асып түсті. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мәліметтері бойынша созылмалы жұқпалы емес аурулар (СЖЕА) табысы төмен және орташа елдердегі адамдарға шамадан тыс әсер етуде, әлемде қайтыс болған 32 миллион адамның төрттен үш бөлігі жұқпалы емес ауруларға (ЖЕА) тиесілі. Әртүрлі аймақтар мен елдерде, әртүрлі жастағы адамдар СЖЕА-мен ауырады. Мұндай жағдайлар көбінесе егде жастағы адамдарда кездеседі, бірақ деректер 30-дан 69 жасқа дейінгі аралықта барлық өлім жұқпалы емес аурулармен байланысты екендігін көрсетеді. Осы «мерзімінен бұрын» өлімнің 85%-дан астамы табысы төмен немесе орташа елдерде болады.Балалар, ересектер мен қарттар жұқпалы емес ауруларға әкелетін дұрыс емес тамақтану, физикалық белсенділіктің болмауы, темекі түтінінің әсерінен немесе алкогольді шамадан тыс пайдалану салдары сияқты түрлі қауіп факторларының барлығына бейім. Созылмалы аурулармен күрес бүкіл әлемдегі денсаулық сақтау жүйелері үшін маңызды мәселе, және ол созылмалы аурулары бар адамдарға ұйымдасқан түрде көмек көрсетуге емес, шұғыл эпизодтық ауруларды шешуге негізделген. Әлемдегі денсаулық сақтау жүйелері ауруларды басқару бағдарламаларын оңтайлы енгізіп, ендігі кезекте олардың тиімділігін есептеп, бағалауда.
Cited by 0 works. doi:10.24411/1995-5871-2019-10057