АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДАҒЫ ТЕМІР ТАПШЫЛЫҚТЫ АНЕМИЯНЫҢ ҚАУІП ФАКТОРЛАРЫН АНЫҚТАУ (әдеби шолу)

Н.К. Жетписбаева, Gulnara Tashenova, Г Т Мырзабекова · CyberDOI · 2019

Бұл мақалада жүргізілген ғылыми зерттеулер ерте жастағы балалардағы темір тапшылығы анемиясының қазіргі проблемасы өзінің өзектілігін сақтап қалатынын және зерттеушілік қызығушылықтың мәні болып қалатынын дәлелдейді. Зерттеулер тек медициналық ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік болып табылатын темір тапшылығының даму факторларын зерттеу бойынша жүргізілді. Мәселені жоюдың түрлі әдістерін қамтитын диагностика және емдеу мәселелері қозғалды. Темір тапшылығы анемиясының алдын алу баланың дамуының әртүрлі кезеңдерінде: ұрықтың құрсақтағы өмірінен бастап 3 жасқа дейінгі іс-шараларды қамтиды. Бұл ретте дәрідәрмектік терапия, құрамында темір бар өнімдер мен салауатты өмір салтына тамақты түзету маңызды рөл атқарады. Статистикалық деректер бойынша Қазақстан Республикасында ТТА-ның үлес салмағы жоғары болып қалуда. 2017 жылы темір тапшылығы анемиясымен 100 мың тұрғынға 1805, ал 2016 жылы 1812,6 жағдай тіркелді. 2016 және 2017 жылдары ТТА ауырған 0-ден 5 жасқа дейінгі балалар арасында қарқынды көрсеткіштер 1000 балаға 73,8 және 72,6 құрады. Алматы 0-ден 5 жасқа дейінгі 1000 балаға шаққанда 83,3 көрсеткішімен 11 орында тұр, бұл республикалық көрсеткіштен 110% жоғары. Бұл сандар темір тапшылығы анемиясы мәселесінің өзектілігін және 2018 жылы Алматы қаласында Ерте жастағы балалар арасында ТЖА таралуын егжей-тегжейлі зерттеу қажеттілігін көрсетеді, бұл осы зерттеуге негіз болды.

Cited by 0 works. doi:10.24411/1995-5871-2019-10002

Authors