ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУМАҒЫНДА ЖАНУАРЛАР ҚҰТЫРЫҒЫ ТУЫНДАУ ҚАУІПТІЛІГІНІҢ ДӘРЕЖЕСІ БОЙЫНША АЙМАҚТАНДЫРУ
C Әбдірахманов, Gulzhan Yessembekova, Муханбеткалиев Е.Е. · HERALD OF SCIENCE OF S SEIFULLIN KAZAKH AGRO TECHNICAL UNIVERSITY · 2020
Құтырық сияқты табиғи-ошақтық аурулар, адамның қатысуынсызландшафтық-климаттық факторлардың белгілі бір үйлесімі бар аумақтардатұрақтану қабілетімен сипатталады. Қазақстан Республикасының аумағындақұтырық жыл сайын спорадикалық тұтанулар түрінде, шектеулі аумақтардатіркеліп, аумақтағы індеттік жағдай ветеринариялық қызметтің қатаңқадағалауында болып, үй, ауыл шаруашылығы және жабайы жануарларпопуляцияларына қатысты кешенді дауалау шаралары атқарылыпотырылады.Бұл жұмыста экологиялық тауашаны моделдеу әдісін қолдана отырып,аумақтың, аурудың туындауына ұшырағыштығына қатысты, аймақтарға бөлумүмкіндігі ұсынылған. Табиғи-климаттық жағдайларды сипаттайтынфакторлар ретінде: 1) BIOCLIM айнымалы жиынтығы; 2) теңіз деңгейіненбиіктігі; 3) жер жамылғысының типі; 4) Жасыл биомассаның максималдымөлшері пайдаланылды.Моделдеу нәтижелері, құтырыққа қатысты ҚР солтүстік және оңтүстікшығыс шекараларының бойында жоғары қауіптілікті көрсетіп отыр, бұл,аурудың осы аймақтарда тек тарихи тіркелуін ғана емес, сонымен қатарқоршаған ортаның ықтимал қолайлы жағдайларын да ескереді. Еліміздегіветеринариялық қызметтің талаптарына сәйкес, торлы қауіптілік карталары,әкімшілік аудандардағы қауіптілік мәндерін орташалау және төрт санатбойынша саралау арқылы, категориялық карталарға айналдырылды: төмен,орташа, жоғары және өте жоғары. Алынған карталар, аймақтық індетке қарсыіс-шараларды әзірлеу үшін негіз ретінде ветеринариялық қызметкеұсыныстар ретінде пайдаланылуы мүмкін.
Cited by 0 works. doi:10.47100/herald.v1i3.77 Open-access PDF
Authors
References
- Maximum entropy modeling of species geographic distributions
- SDM toolbox: a python‐based GIS toolkit for landscape genetic, biogeographic and species distribution model analyses
- A Global Land Cover Climatology Using MODIS Data
- Cost Description and Comparative Cost Efficiency of Post-Exposure Prophylaxis and Canine Mass Vaccination against Rabies in N’Djamena, Chad
- Geographical Information System (GIS) as a Tool in Surveillance and Monitoring of Animal Diseases
- Rabies and Canine Distemper Virus Epidemics in the Red Fox Population of Northern Italy (2006–2010)