ШАНШАР-АСАРШЫҚ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ КЕШЕНІНДЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН БАРЛАУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ
Музаффер Гурсой, К.М. Жетибаев, Сиздиков Багдаулет Сапарбаевич et al. · Iasaýı ýnıversıtetіnіń habarshysy · 2020
Мақалада Шаншар-Асаршық археологиялық кешенінде жүргізілген барлау нәтижелері мен қазба жұмыстары барысында жасалған жаңа ғылыми тұжырымдамалар сөз болады. Бұл жерде адамдардың палеолит және темір дәуірі кезінде өмір сүргені және отырықшы мал шаруашылығы мен көшпенді мал шаруашылығы кәсібімен айналысқандығы туралы деректер айтылады. Жиналған керамикалар макраскопиялық тұрғыдан сарапталып, талдау жүргізіліп, сипаттамасы жасалынды. Табылған керамикалық заттар басқа жердегі керамикалық заттармен салыстырылып, тұжырымдамалар жасалынды. Сонымен қатар Шаншар-Асаршық қалажұрты Орта Азиядағы басқа қалалармен салыстырылып, архитектуралық ерекшелігі мен құрылымы айқындалды. Табылған заттай деректер арқылы ескерткіштің болжамды мерзімдемесі жасалынды. Мақалада Шаншар-Асаршық археологиялық кешенінде археологиялық қазба жұмыстарының жүргізілу қажеттіліктері айтылды.
Cited by 0 works. doi:10.47526/habarshy.v1i3.447