ПАНДЕМИЯ КЕЗЕНІНДЕГІ ТУРИЗМНІҢ ХӘЛ-АХУАЛЫ
А. К. Сагадеева · Bulletin of Toraighyrov University Chemistry & Biology series · 2021
Бұл мақалада қазіргі уақыттың өзекті мәселелірінің бірі – туризм тақырыбы талқыланады. Күнделікті тіршілік пен шектеуліктерге толы болған карантин уақытында, бар адамзаттың ойы мен санасы демалысты аңсағаны сөзсіз. Бірақ оған көптеген кедергілер себепші болып, ешқандай шектеулерге қарамастан, сыртқы туризмді айтпағанның өзіңде, ел ішіндегі туризмге де қызығушылық арта түсті. Алайда, падемия заңдары өз айтқаның істетпей қоймады. Туризм саласының айналасында қызмет етіп жүрген көлік құралдарының, тамақтану орындарының, ойын-сауық, танымдық, іскерлік, сауықтыру, спорттық және өзге де мақсаттағы объектілердің, туроператорлық және турагенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, сондай-ақ экскурсиялық қызметтер мен гид-аудармашылар қызметтерін ұсынатын ұйымдардың барлық дерлік қызметкерлеріне ауыр тигені айтпаса да белгілі.
Cited by 0 works. doi:10.48081/nrth9882