КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ЗОРЛЫҚ ҚЫЛМЫСТЫЛЫҒЫНЫҢ СЕБЕПТІК КЕШЕНІ

Д.И. Ашимова, Э. Шынасилов · 2021

Зорлық көрсету қазіргі кездерде адамзат алдында тұрған ушықты мәселе болып отыр. Себебі ол қоғамдық қатынастың барлық саласында оның ішінде қылмыстылықта жиі көрініс табуда. Зорлық көрсету қылмысы санының көбейгенімен қатар, қазір оның сипаты мен дәрежесі де өзгерді, оны қаруланған, ұйымдасқан әрі білікті адамдар жасайтын болды. Зорлыққа «әлеуметтік өмірде күш көрсету немесе психологиялық мәжбүрлеу мақсатында күш қолдану немесе оны қолданамын деп қорқыту» деген анықтама берілген.

Cited by 0 works. doi:10.53355/u8394-2939-7767-y

Authors