ГЛЮТЕНІ ЖОҚ МАКАРОНДАРҒА АРНАЛҒАН ҰННЫҢ ІРІКТЕЛГЕН ҮЛГІЛЕРІНІҢ СУ СІҢІРУІН ЗЕРТТЕУ
А. И. Қабылда, Guljanat Serikbay, Myktybaeva M.S et al. · HERALD OF SCIENCE OF S SEIFULLIN KAZAKH AGRO TECHNICAL UNIVERSITY · 2022
Глютенсіз макарон бидай өнімдеріне пайдалы және дәмді балама болып табылады. Соңғы бірнеше онжылдықта глютенсіз макаронның бұл тобы целиак ауруының өсіп келе жатқан санымен ғана емес, сонымен қатар денсаулығына байланысты глютен негізіндегі өнімдерді диетадан шығарғысы келетін басқа адамдармен де тұтынылады. Алайда, глютенсіз макарон дайындау қиын, өйткені глютен пісіру кезінде макаронның еруіне жол бермейтін күшті ақуыз желісінің пайда болуына ықпал етеді. Қазіргі уақытта нарықта глютенсіз көптеген өнімдердің сапасы төмен болып келеді. Балама материалдардан сапалы макарон алу үшін дәстүрлі өндіріс процесін жиі өзгерту қажетігі туады. Бұл мақалада таңдалған отандық ұн үлгілерінің су сіңіру қабілеті көрсетілген. Су - глютенсіз қамырдың реологиялық қасиеттеріне, оның икемділігі мен деформацияға төзімділігіне, газды сақтау қабілетіне айтарлықтай әсер етеді. Сонымен қатар, қамырдың суды сақтау қабілеті нанның сапасына, атап айтқанда оның құрылымына, сыртқы түріне, дәміне, сақтау мерзіміне әсер етеді. Бұл шикізаттағы негізгі құрылымдық компоненттердің физика-химиялық қасиеттерін зерттеу мүмкіндігін анықтайды.
Cited by 1 works. doi:10.51452/kazatu.2022.2(113).1070 Open-access PDF
Authors
References
- Effect of processing on digestibility and the blood glucose response: a study of lentils
- Gluten free diet and nutrient deficiencies: A review
- Nutritional aspects of gluten‐free products
- Innovative approaches towards improved gluten-free bread properties
- Optimization and characterization of gluten-free spaghetti enriched with chickpea flour