ТҮРЛІ ӨСІМДІК МАЙЛАРЫНДАҒЫ ГЛИЦИДИЛ ЭФИРЛЕРІНІҢ МӨЛШЕРІН АНЫҚТАУ

А. Б. Далабаев, Жүнісова Қ.З., Н.Е. Альжаксина · HERALD OF SCIENCE OF S SEIFULLIN KAZAKH AGRO TECHNICAL UNIVERSITY · 2022

Жұмыста МЕМСТ Р ИСО 18363-2-2019 және МН 4.1.3547-19 сипатталған әдістемелеріне сәйкес зерттеліп, тазартылмаған және тазартылған өсімдікмайларының үлгілеріндегі глицидолға қайта есептегендегі май қышқылдарының глицидил эфирлері мөлшерілері ұсынылған. Өсімдік майларының зерттелген үлгілеріндегі глицидил эфирлері концентрациясының диапазоны 0,1-ден 9,8 мг/кг-ға дейін болды, ал стандартты нормада тағамдықөсімдік майлары үшін 1 мг/кг-нан аспауы керек. Май үлгілерін талдауы дедозодорацияланбаған майларда глицидил эфирлерінің толық және дерлік жоқтығын растады. Глицидил эфирлерінің ең көп мөлшері тазартылған пальма майында (9,8 мг/кг) табылды, бұл нарыққа кіретін өсімдік майларындағы осыулы қоспалардың мөлшерін бақылаудың маңыздылығын көрсетеді. Зерттеу нәтижелері өсімдік майларының барлық ұсынылған үлгілері үшін тазартылған және тазартылмаған майлардың физикалық және физика-химиялық көрсеткіштері олардың табиғи екендігін растайтынын және белгіленген нормаларға сәйкес келетінін көрсетті. Зерттелетін өсімдік майлары май-қышқылдық құрамы бойынша майдың әр түрлеріне қойылатын нормативтікқұжаттардың талаптарына сәйкес келеді

Cited by 0 works. doi:10.51452/kazatu.2022.3(114).1107

Authors

References