ЭЛЕКТР БЕРІЛІС ЖЕЛІСІНДЕ РЕАКТИВТІ ҚУАТТЫ ӨТЕМДЕУ
Алуа Даулетханова, Куланда Койшибаева, Утепбергенова Сандугаш Мырзабековна et al. · Вестник КазАТК · 2022
Реактивті қуат пен энергия бүкіл энергожүйенің жұмысының көрсеткіштерін нашарлатады, яғни электр станцияларда генераторлардың реактивті тоқтармен жүктелуі отын шығындарын жоғарылатады; өткізгіш тораптарда және қабылдағыштарда шығындар жоғарылайды; электр тораптарында кернеудің түсуі жоғарылайды. Осыған орай бұл жұмыста электр желісінде реактивті қуатты тқмендету мақсатында реактивті қуатты өтемдеу құрылғысы - статикалық тиристорлық компенсатор қарастырылады. Бұл құрылғы энергия үнемдеуді және электр энергиясын беру, түрлендіру және тарату жүйесінің жұмысының тиімділігін арттыру құрылғысы болып табылады.
Cited by 0 works. doi:10.52167/1609-1817-2022-122-3-279-286 Open-access PDF