ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ҚАЗАНДЫҚТАРЫНЫҢ ҚЫЗДЫРУ БЕТТЕРІНІҢ АБРАЗИВТІ ТОЗУЫНА КҮЛДІҢ ФРАКЦИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫНЫҢ ӘСЕРІ

Zhadra Seitova, Балжан Бахтияр, Жанна Бекишева et al. · Вестник КазАТК · 2022

Мақаланың мақсаты Астана ЖЭО-2 станциясындағы БКЗ-420 қазандығының қыздыру беттерінің абразивті тозу процессі және оны төмендету жолдарын қарастыру болып табылады. Жобада ең абразивті отын түрлерінің бірі – Екібастұз көмірі мысалында көрсетілген.Сонымен қатар әр-түрлі қазандықтардағы ұшпа күлдің дисперсті құрамы жайлы мәліметтер берілген, соған сүйене отырып Екібастұз көмірін өзге отын түрлерімен салыстыра аламыз. Екібастұздың БКЗ-420 қазандықтың қыздыру беттеріндегі абразивті тозу процессіне алдын ала шараларын жасалған. Мақалада белгіленген абразивті тозумен күресу жолдары энергетикада ең қолайлы және экономикалық тұрғыдан ең тиімді болып табылады.

Cited by 0 works. doi:10.52167/1609-1817-2022-123-4-293-300 Open-access PDF

Authors