Әйелдер кәсіпкерлігінің объектілік-субъектілік ерекшеліктері және оның даму артықшылықтары
Г.С. Акыбаева, А.О. Мусабекова, С.Ш. Мамбетова et al. · BULLETIN OF THE KARAGANDA UNIVERSITY ECONOMY SERIES · 2023
Мақсаты: Мақаланың мақсаты әйелдер кәсіпкерлігінің дамуының объективті және субъективті факторла-рын қарастырып, олардың еңбек нарығының гендерлік бөлінісін, гендерлік стереотиптер және патриархалдық идеологиясын, сондай-ақ әйелдердің бизнеспен айналысуға мотивациясын зерттеу. Әйелдер кәсіпкерлігінде отбасылық бизнестің алатын орны, ерекшелігі, бұл отбасының барлық мүшелерінің қабілеттерін шығармашы-лықпен жүзеге асыруға, оларға кез келген қолайсыз жағдайларда қолдау мен қорғауды қамтамасыз етуге мүм-кіндік беретіні атап өтілген.Әдісі: Зерттеудің әдіснамалық базасы кәсіпкерліктің гендерлік аспектісін талдау әйелдердің нарықтық экономикаға қатысуы қоғамдық өндірістің шешуші факторларының бірі болғандықтан ғана емес, сонымен бірге әйелдердің қазіргі экономикалық қызметтің типтік «гендерлік тауашаларды» құрайтындығымен де маңызды әдістері қолданылды.Нәтижелері: Мақалада авторлар қоғамның әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға және жұмыссыздықтың өсуіне елеулі әлеуметтік қажеттілігінің өзінде де әйелдердің осы саладағы белсенділігін тежейтін психологиялық және әлеуметтік-психологиялық сипаттағы тежеуші жөнінде ұсыныстар берді.Қорытынды: Жүргізілген әдістер негізінде — Қазақстанда соңғы он жылдықта әйелдер мен ер адамдар-дың қоғамдағы құқығы мен мүмкіндіктерінің тең болуы үшін жасалған шаралар легі артып келетіні туралы қо-рытынды жасалған. Құқықтық және институттық негіздердің жеткілікті болуы осының дәлелі, сондай-ақ елі-міздегі гендерлік теңдікті жетілдірудің статистикалық мәліметтері мен көрсеткіштері анғұрлым жақсы бағытта-ры айқындалды.
Cited by 0 works. doi:10.31489/2022ec3/228-236 Open-access PDF
Authors
References
- Women in Transition: Changes in Gender Wage Differentials in Eastern Europe and the Former Soviet Union
- Female entrepreneurship in transition economies: the case of Lithuania and Ukraine
- Women entrepreneurs' digital social innovation: Linking gender, entrepreneurship, social innovation and information systems
- Women Entrepreneurship and Sustainable Business Development: Key Findings from a SWOT–AHP Analysis
- Evaluation of Family Caregiver Burden among COVID-19 Patients
- Women Entrepreneurs: Developing Leadership for Success
- Catalyzing change: Innovation in women's entrepreneurship
- Ideology and Women's Studies Programs in Ukraine