Қазақстанның тұрақты даму мақсатына қол жеткізудегі жаңартылатын энергия көздерінің рөлі
А.Б. Тасмаганбетов, Б.С. Есенгельдин, Ж. Атаниязов et al. · BULLETIN OF THE KARAGANDA UNIVERSITY ECONOMY SERIES · 2022
Мақсаты: Мақалада жаңартылатын энергия көздерін мемлекеттік қолдау құралдары қарастырылған. Авторлар тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін Қазақстан Республикасында жаңартылатын энергия көздерін дамытудың мемлекеттік қолдау тетіктерін ұсынуға ұмтылған. Әдістері: Салыстырмалы, теориялық талдау көмегімен жаңартылатын энергия көздерін дамытуды мемлекеттік қолдаудан біртіндеп бас тарту қажеттілігі туралы қорытынды жасалды. Қолданылатын әдістер талдау нәтижелеріне, жаңартылатын энергетиканы дамыту жөніндегі сенімді көздерден және ресми статистикадан алынған қазіргі заманғы деректерге негізделген. Нәтижелері: Мақалада авторлар жаңартылатын энергия көздерін дамыту үшін мемлекеттік қолдау құралдарын пайдалану жөніндегі ғалымдардың зерттеулеріне жүгінді, Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері өндірісінің негізгі көрсеткіштеріне талдау жасады және тұрақты даму мақсаты тұрғысынан жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөнінде ұсынымдар берді. Қорытындылар: Жаңартылатын энергия көздерін дамытуды мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы жүйесі Қазақстан Республикасының заңнамасында 2009 жылдан бастап бекітілген. Жаңартылатын энергия көздерін дамытуды мемлекеттік қолдау электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу және сату арқылы жүзеге асырылады. Одан әрі жетілдіру үшін жаңартылатын энергетиканы дамыту саласында салықтық ынталандыруды қолдану мүмкіндігін қарастыру қажет: инвестициялық салықтық кредит; жаңартылатын энергия көздерін сатып алған және орнатқан азаматтар үшін мүліктік салық шегерімі; тағы басқалар.
Cited by 0 works. doi:10.31489/2022ec2/313-320 Open-access PDF
Authors
References
- Do renewable energy consumption and financial development matter for environmental sustainability? New global evidence
- A challenging approach for renewable energy market development
- Investment Motivation in Renewable Energy: A PPP Approach
- Analyzing the impacts of economic growth, pollution, technological innovation and trade on renewable energy production in selected Latin American countries
- Financing large scale wind and solar projects—A review of emerging experiences in the Indian context
- FEATURES OF THE USE OF RENEWABLE ENERGY SOURCES IN AGRICULTURE
- Possibilities of Solar Energy Utilization for the Development of Rural Areas of the Republic of Kazakhstan
- FUTURE DEVELOPMENT OF PRICE INSTRUMENTS OF STATE SUPPORT FOR THE USE OF RENEWABLE ENERGY SOURCES IN KAZAKHSTAN
- Problems and Perspectives of Energy Security of Single - Industry Towns of the Republic of Kazakhstan