АЛАШ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІНІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ОЙ-ПІКІРЛЕРІ
Н.К. Смагулова · Bulletin of Shokan Ualikhanov Kokshetau University Philological Series · 2022
Қазақ тіл білімі, әдебиеттануы және оқыту әдістемесінің ғылым арналарын жүйелеп, жіктеген М.Жұмабаевтың, Қ.Кемеңгеровтың айтқан әдістемелік ой-пікірлерінің, оқулықтары мен оқу құралдарының маңызы қарастырылды. Білім берудегі жаңалықтардың басында Алаш зиялыларының оқу-ағарту саласындағы ойлары, ғылыми тұжырымдары, көзқарастары, еңбектері тұрғаны зерделенді. Қазіргі білім беруде жаңартылған білім беру мазмұнында Алаш ағартушыларының оқу құралдары, оқулықтары, оқу-әдістемелік еңбектері мен зерттеулеріндегі ойлармен үндесетіндігі сараланды. Мағжан Жұмабаевтың ана тілімізді оқыту, бала тілін дамыту әдістемесі бағытында мол да құнды ойлары қарастырылды. М.Жұмабаевтың еңбектеріндегі ой-тұжырымдары, көзқарастары зерделенді. Қазіргі жаңартылған білім беру жүйесіндегі бастауыш сыныпты оқытуда ғылыми-зерттеу дағдыларын қалыптастыруда маңызы зор екені дәлелденді. Қ. Кемеңгерұлының мемлекеттік тілді оқыту жайындағы әдістемелік еңбектері зерттелді
Cited by 0 works. doi:10.59102/kufil/2022/iss1art14