Лактобактерияларды дақылдауда қолданылатын қолайлы қоректік орта түрін анықтау
Г. Қ. Абай, Ү. Ч. Чоманов · Bulletin of the Karaganda University “Biology medicine geography Series” · 2023
Мақалада табиғи сүт өнімдерінен бөлініп алынған сүтқышқылды мироорганизмдердің дақылдануы үшін қолайлы, оңтайлы қоректік орта түрін анықтауға байланысты жүргізілген зерттеу жұмыстарыберілген. Зерттеу объектілері ретінде лактобактериялардың таза белсенді дақылдары таңдап алынды. Қолайлы қоректік орта түрін анықтау мақсатында 5 түрлі стандартты және дифференсацияланған қоректік орта түрлері зерттелді. Олар MRS (de Man, Rogosa and Sharpe) қоректік ортасы, борлы агар, Эйкман сүтті агары, орамжапырақ агары, А.И. Нетрусов бойынша сүтқышқылды бактерияларға ар-налған сәбіз агары қоректік орталары. Зерттеу жұмысы үш түрлі қайталаным арқылы жүргізілді, нәтижесінде А.И. Нетрусов әдістемесі бойынша дайындалған сәбіз агары қатты қоректік ортасы бетінде өсіп шыққан сүтқышқылды микроорганизмдер саны 3,3*107 КТБ, 3,21*10 7КТБ, 3,05*107 КТБ құрап, биомасса жинақтау қарқындылығы жоғары екендігі белгілі болды. Қырыққабат агары және стандартты MRS қоректік орталарында да лактобактериялар салыстырмалы түрде жоғары өсу бел-сенділігін көрсетті. Ал борлы агар мен Эйкман сүтті агары қоректік орталарында биомасса жинақталу деңгейі басқа қоректік орталармен салыстырмалы түрде төмен екендігі анықталды. Сонымен қатар лактобактериялардың таза дақылдары аталған түрлі қоректік орталарда әр түрлі өсу ерекшелігін көрсетіп ― тұнба түзу, қатты қоректік орта бетінде майда ақ түсті колониялар түзу, колония айнала-сында мөлдірлену зонасын түзу арқылы өсетіндігі белгілі болды. Мұндай ерекшеліктер қоректік орта құрамына және лактобактерия штамының физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты.
Cited by 0 works. doi:10.31489/2023bmg2/7-14 Open-access PDF
Authors
References
- Selection and characterization of mixed starter cultures for lactic acid fermentation of carrot, cabbage, beet and onion vegetable mixtures
- Optimization of a cultural medium for bacteriocin production by Lactococcus lactis using response surface methodology
- Metabolic and proteomic adaptation of L actobacillus rhamnosus strains during growth under cheese‐like environmental conditions compared to de M an, R ogosa, and S harpe medium
- Optimization of Medium Composition for Enhancing Growth of Lactobacillus rhamnosus PEN Using Response Surface Methodology
- Using nitrous acid-modified de Man, Rogosa, and Sharpe medium to selectively isolate and culture lactic acid bacteria from dairy foods
- A selective medium for the enumeration and differentiation of Lactobacillus delbrueckii ssp. bulgaricus
- Formation of 3-Methylbutanal and 3-Methylbutan-1-ol Recognized as Malty during Fermentation in Swiss Raclette-Type Cheese, Reconstituted Milk, and de Man, Rogosa, and Sharpe Broth
- A modified reinforced clostridial medium for the isolation and enumeration of Lactobacillus delbrueckii ssp. bulgaricus in a mixed culture
- Cost Effectiveness of Cryoprotective Agents and Modified De-man Rogosa Sharpe Medium on Growth of Lactobacillus acidophilus
- Development of Cabbage Juice Medium for Industrial Production of Leuconostoc mesenteroides Starter