Мемлекеттік саясат жүйесіндегі әлеуметтік бақылауды дамытудың теориялық негіздері
Baurzhan Bokayev, А.C. Есенгельдина, А.М. Есиркепова et al. · BULLETIN OF THE KARAGANDA UNIVERSITY ECONOMY SERIES · 2023
Мақсаты: Мақала мемлекеттің саяси жүйесінде әлеуметтік бақылаудың даму ерекшеліктеріне арналған. Мақала авторлары әлеуметтік бақылау органдары мен мемлекеттік органдардың өзара әрекеттесуіне мүмкіндік беретін саясатты әзірлеу және іске асыру үдерісінің әртүрлі кезеңдерін зерттеген. Әдісі: Зерттеудің жалпы ғылыми әдістері мен салыстырмалы талдаудың көмегімен саясатты жоспарлау және жүзеге асыру, саяси бастаманың заңдылығын, сапасын, түсінігін және ұзақ мерзімді қолданылуын арттыру үшін әлеуметтік бақылауды қолдану қажеттілігі туралы қорытындылар жасалған. Қорытынды: Мақалада мемлекеттік саясат жүйесіндегі әлеуметтік бақылау институттарының субъективтілігі туралы мәселені шешуге баса назар аударылады: оларды сәйкестендіру, ынтымақтастық нысандары, функцияларды, жұмыс қағидаттары, тиімділік талаптары мен әлеуетін сипаттау. Тұжырымдама: Әлеуметтік бақылау заңдарға сәйкес мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында жүзеге асырылады. Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын барлық субъектілер әлеуметтік бақылау объектісі болып табылады. Әлеуметтік бақылау логикасы азамат пен мемлекет арасында делдалдық институттар құруға негізделген. Мемлекеттік саясат жүйесін одан әрі жетілдіру үшін әлеуметтік бақылау институттарын цифрландыру келешектерін және осы қызметтің тұтастай алғанда мемлекеттік басқару жүйесінің жұмыс істеу тиімділігіне әлеуетті әсерін зерделеу қажет.
Cited by 0 works. doi:10.31489/2023ec2/183-190 Open-access PDF
Authors
References
- Discovering 'Social Control'
- Culture and accountability in organizations: Variations in forms of social control across cultures
- Current state of public sector performance management in seven selected countries
- Patient and public involvement in palliative care research: What works, and why? A qualitative evaluation
- Empowering middle managers in social services using management control systems
- Social Control in the Digital Transformation of Society: A Case Study of the Chinese Social Credit System
- About Participation of Institutes of Civil Society in Public Control over the Activities of Local Authorities
- RETRACTED: Analyzing the factors affecting the attitude of public toward lockdown, institutional trust, and civic engagement activities
- Participation for what: social change or social control?
- Social Work (Social Policy) Used as a Tool of Social Control