ҚҰС ТҰМАУЫ ВИРУСЫНА АНТИДЕНЕЛЕРДІ АНЫҚТАУ ҮШІН СЕРОЛОГИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРДІ КЕШЕНДІ ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ СТАНДАРТТЫ ҚАН САРЫСУЫНА ҮЛГІЛЕРДІ ТАҢДАУ
Эльвира Башенова, Жасузак Жусупбеков, Көбейхан Бегасыл et al. · Ġylym ža̋ne bìlìm · 2023
Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымының мәліметі (ДЖДҰ) бойынша, әлемде құс тұмауы бойынша эпизоотиялық жағдай әлі де күрделі. Жоғары патогенді құс тұмауы – вирус тудыратын, өте жұқпалы, жіті өтетін, пантропты ауру. Аурудың клиникалық белгілері, патологиялық-анатомиялық өзгерістері және құстардың әртүрлі инфекцияларының эпизоотиялық деректерінің өте ұқсастығына байланысты ауруды тек зертханалық әдістермен ғана дәл ажыратуға болады. Ауруға балауды кешенді түрде қояды: эпизоотологиялық мәліметтер, клиникалық белгілері арқылы және зертханалық балау әдістері. Кешенді балаудың түпкілікті нәтижесі зертханалық диагностикалық әдістерге негізделген, сол әдістердің бірі – гемаглютинацияны тежеу реакциясы (ГАТР). Зерттеу жұмыстары «Қазақ ғылыми зерттеу ветеринария институты» ЖШС-нің вирусология зертханасында жүргізілді. Қазақстан Республикасының кейбір аймақтарының жеке қосалқы шаруашылықтарындағы үй құстарына мониторинг жүргізу барысында сынамалар алынып, кешенді серологиялық әдістер қолданылды. Серологиялық реакцияларда А типті құс тұмауы вирусының H5 кіші типті телімді антиденелері кешенді зерттеу кезінде үй құстарының қан сарысуларында анықталды. Осы сарысуларда Ньюкасл вирусына қарсы антиденелер табылған жоқ. Вакцинацияланбаған құстардың H5 кіші типті құс тұмауы вирусына қарсы антиденелер ГАТР-да 7 log2 (1:128) титрде оң нәтиже көрсетті. Вакцинацияланбаған құстардан алынған қан сарысуларында құс тұмауы вирусына қарсы антиденелердің титрі жоғары қан сарысуы халықаралық стандартты сарысумен салыстырмалы стандартталғаннан кейін тест-жиынтықтардың сапасын тексеру мақсатында ұлттық стандартты қан сарысу ретінде қолдануға болады.
Cited by 0 works. doi:10.52578/2305-9397-2023-2-1-29-36 Open-access PDF
Authors
- Эльвира Башенова
- Жасузак Жусупбеков
- Көбейхан Бегасыл
- Меруерт Садуакасова
- A.S. Karabassova
- Raikhan K. Nissanova
- K.D. Alikhanov
References
- Emergence and spread of novel H5N8, H5N5 and H5N1 clade 2.3.4.4 highly pathogenic avian influenza in 2020
- Alarming situation of emerging H5 and H7 avian influenza and effective control strategies
- The history of avian influenza
- Biology of Influenza A Virus
- Avian Influenza A and Paramyxo Viruses Complicating Respiratory Disease Diagnosis in Poultry
- Evaluation of serological tests for H5N1 avian influenza on field samples from domestic poultry populations in Vietnam: Consequences for surveillance
- Circulation of avian paramyxoviruses in wild birds of Kazakhstan in 2002–2013
- Molecular epidemiology of respiratory viruses in commercial chicken flocks in Pakistan from 2014 through to 2016
- [Classification and genome structure of influenza virus].