ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ДАЛА АЙМАҒЫ ЖАҒДАЙЫНДА ТОЗҒАН ЕРКЕКШӨП ЕГІСТІКТЕРІН БЕТКІ ЖАҚСАРТУ ӘДІСТЕРІНІҢ ТИІМДІЛІГІ
Алтынай Кукушева, Какежанова Зибагуль Ермуратовна, Жастлек Уахитов et al. · Ġylym ža̋ne bìlìm · 2023
Мақалада Павлодар облысының дала аймағы жағдайында еркекшөптің (Agropyrum pectiniforme) тозған көпжылдық шөптеріне механикаландырылған құралдармен беттік өңдеудің әртүрлі әдістерінің тиімділігін бағалау бойынша зерттеу нәтижелері келтірілген. Еркекшөп өсімдіктерінің кейбіреулерінің, олардың сабақтарының, өсінділерінің, гүлшоғырлары мен тұқымдарының жыл сайынғы өліміне, сондай-ақ жаңа көктемгі өсінділердің пайда болуына және жыл сайын жаңа тамыр жүйелерінің қалыптасуына байланысты шөптің тығыздығы бірнеше есе артады, ал өсімдіктердің қоректену аймақтары минималды мәндерге дейін азаяды, бұл жемшөп алқаптарындағы өнімділіктің төмендеуіне әкеледі. Алынған мәліметтерге сәйкес, беттік механикаландырылған өңдеулерді қолдану топырақтың тығыздығын 0,05-0,09 г/см3-ге төмендетіп, оның су өткізгіштігін жақсартып, бақылаумен салыстырғанда (өңдеусіз) топырақтағы өнімді ылғал қорын 11,1-37,1 мм-ге арттырды, егінді дискілі тырмамен және дискатормен өңдеу кезінде 37-43%, ең көп ылғал жиналды. Тығыз томарларды бұзу, топырақты қопсыту және өсімдіктер үшін оңтайлы қоректену аймағын құру арқылы шөптің тығыздығы жыл сайын артады , яғни 20-37 дана/м2. Бұл әдістер топырақ көрсеткіштеріне ғана емес, сонымен қатар еркекшөп өсімдігінің жасыл массасының өнімділігіне де оң әсер етті: инелі тырма мен дискілі сыдыра жыртқыш нұсқасында орта есеппен екі жыл ішінде сәйкесінше 17,55 және 18,53 ц/га құрады, ауыр дискілі тырма нұсқасында 28,11 ц/га және дискатормен өңдеуде 25,85 ц/га, бақылаудағы өнімділік 8,2 ц/га құрады.
Cited by 0 works. doi:10.52578/2305-9397-2023-2-2-261-271 Open-access PDF
Authors
References
- Influences of continuous grazing and livestock exclusion on soil properties in a degraded sandy grassland, Inner Mongolia, northern China
- Grazing effects on soil chemical and physical properties in a semiarid steppe of Inner Mongolia (P.R. China)
- Quantitative assessment of the contributions of climate change and human activities on global grassland degradation
- Changing Climate and Overgrazing Are Decimating Mongolian Steppes
- An assessment of restoration of biodiversity in degraded high mountain grazing lands in northern Ethiopia
- Changes in the Quality of Vegetation Cover and Soil of Pastures in Semi-Deserts of West Kazakhstan, Depending on the Grazing Methods
- Effects of Grazing Intensity on the Carbon, Nitrogen and Phosphorus Content, Stoichiometry and Storage of Plant Functional Groups in a Meadow Steppe