ТАМЫР-ТҮЙНЕКТЕРДІ ҰСАҚТАУДЫҢ ЕКІНШІ САТЫСЫНДА ШЫҒЫНДАЛАТЫН ҚУАТТЫ ТЕОРИЯЛЫҚ АНЫҚТАУ

Зоран Милеуснич, Sergey Vedishchev, Алтынбек Давлетьяров et al. · Ġylym ža̋ne bìlìm · 2022

Тамыр-түйнектерді ұсақтағыштың екінші сатысында шығындалатын қуат ұсақтау аймағына өнімді жеткізуге, оны кесіп ұсақтау процесіне, ұнтақталанған тағамды пышақтар арасына енгізуге, ұсақталған тамыр-түйнетерді машинадан түсіруге жұмсалатын қуат шығындарының қосындыларынан құралады. Осы қуат шығындары ұсақтағыштың жумысының сапалық көрсеткіштері мен қатар ұсақтау үрдісінің энергетикалық мінездемесін анықтайды. Бұл мақалада теориялық зерттеу арқылы жалпы тамыр-түйнекті ұсақтауға шығындалатын қуаттың құрамына кіретін қосындылар келесіше топтастырылған: тамыр-түйнектерді вальцалармен қысу аймағына жеткізуге шығындалатын қуат; аппараттың екінші сатысында өнімді ұсақтауға кететін қуат; ұсақталған тамыр түйнектерді түсіруге жұмсалған қуат; Теориялық зерттеулерде ұсақтау процессіне әсерін тигізетін айналмасоққыштың айналу жиілігі, ұсақталатын материалдың жылжымалық қасиеті, пышақтардың саны олардың орналасуы, үйкеліс күштері тәрізді факторлардың ықпалдарының қарқындары мен өзара байланыстары қаралып сарапталған. Орындалған аналитикалық зерттеулер тамыр түйнектерді ұсақтауыштың энергетикалық параметрлерінің келесі теңдеулерін анықтауға мүмкіндік береді: ұсақтауыштың екінші сатысында қысу аймағына тамыр-түйнектерді беруге кететін қуаттың шығынының теңдеуі; тамыр түйнектерді ұсақтауға шығындалған қуаттың теңдеуі; тамыр-түйнектерге пышақ торының жағынан әсер ететін күштердің теңдеуі; кесу процесіне кететін меншікті қуат шығынныың теңдеуі;

Cited by 0 works. doi:10.52578/2305-9397-2022-1-1-202-212 Open-access PDF

Authors

References