«ХАЛАЛ ҚАСАП» АӨК ШАРТТАРЫНДА ӘРТҮРЛІ ЖАСТАҒЫ БОРДАҚЫЛАНҒАН БҰҚАШЫҚТАРДЫҢ ЕТ ӨНІМДІЛІГІНІҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ
Guldana Konurbek, Индира Айтжанова · Ġylym ža̋ne bìlìm · 2022
Мақалада «Халал Қасап» АӨК шарттарында ірі қара малдың ет өнімділігі және етінің сапасы бойынша тәжірбие жұмыстары көрсетілген. Ірі қара мал төлінің өнімділігін, сапасы мен қауіпсіздігін зерттеу бойынша зерттеулер жүргізілді. Еліміздің Оңтүстік өңірінде өсірілетін жергілікті етті ірі қара мал тұқымдарын үш топқа бөліп, әр топта 10 ірі қарадан зерттеу жұмыстары жүргізілді. Жас малдың жасы мен тірі салмағының ет өнімділігі мен ет сапасына әсері жергілікті етті ірі қара мал тұқымдарының бұқаларындағы тәжірибеде, әрқайсысында 10 малдан тұратын үш топта анықталды. Барлық тәжірибелік топтардың бұқаларының рационы күніне 650-700 г өсуге арналған. Олар 10-15 кг жүгері сүрлемінен, 10-15 кг жылдық шөптерден, 2-5 кг концентраттардан тұрды. Орта есеппен 120 есептік күн ішінде 1 бас есебімен рационның қоректілігі тәулігіне 1 топта – 7,1; 2 топта-8,07 және 3 топта – 9,7 азықтық бірлікті құрады. Бордақылаудың есептік кезеңінде бірінші топтағы жергілікті етті ірі қара мал тұқымдарының рационының құрылымында құнарлы азықтың үлес салмағы 35,2% – ды, екіншісінде – 43,4% - ды, ал үшіншісінде-46,4% - ды құрады. 3 топ бойынша әртүрлі жастағы бордақыланған бұқашықтарды сою көрсеткіштері және ұшаларының морфологиялық құрамы, бұқашықтар етінің химиялық құрамы, бұлшықет ұлпасындағы маңызды аминқышқылдарының құрамы, тәжірибелік бұқалардың майы мен етіндегі хлорорганикалық пестицидтердің құрамы анықталды. Балалар тамағына жарамды еттің химиялық құрамын зерттелді. 23-24 ай жасында бордақылаудан алынған бұқашықтарда жұптасқан ұшаның ең жақсы шығымы (56 %) және балалар тамағына жарамды еттің көп мөлшері (65%) болды.
Cited by 0 works. doi:10.52578/2305-9397-2022-1-1-111-117 Open-access PDF