ТАЗА ТҰҚЫМДЫ ЖӘНЕ БУДАН ҰРПАҚТАРДЫҢ ТІРІ САЛМАҒЫ МЕН СОЙЫС КӨРСЕТКІШТЕРІ

Кайырлы Есенгалиев, Балуаш Траисов, Касимова Гульсара Владимировна · Ġylym ža̋ne bìlìm · 2023

АННОТАЦИЯ Мақалада Батыс Қазақстан облысының "Атамекен" ТӨШ-да өсірілетін әр түрлі генотипті төлдердің тірі салмақтары динамикасының салыстырмалы деректері мен 4–4,5 айлық қозыларының бақылау сойысы көрсеткіштері келтірілген. Зерттеулер жүргізу үшін үш аналық топтан шағылыстыру арқылы кроссбредті будандар алынды, олардың біріншісі – ақжайық саулықтары мен ақжайық қошқарларымен шағылыстырудан (АЕЖ х АЕЖ) алынған төлдер болса, екіншісі – будан ½солтүстік-кавказдық х ½ақжайық етті-жүнді(½СК х ½АЕЖ), ал үшіншісі-куйбышевтық қошқарларымен (КБ х АЕЖ). Туылған кездегі тірі салмақтары нәтижесі бойынша солтүстік-кавказдық және куйбышевтық қошқарларының төлдері ақжайық етті-жүнді ұрпақтарымен салыстырып қарағанда жоғары болды: еркек қозылар – 6,1 және 10,7 %; ұрғашы қозылар – 5,8 және 7,8 %. Екінші және үшінші топтағы төлдердің басымдылық 4,5 айлық, 8 және 12 айлығында да бірінші топпен салыстырғанда сақталды. Будан солтүстік-кавказдық және куйбышевтық кроссбредті аталық қошқарларымен шағылыстырылып алынған екінші және үшінші топтарындағы бір жастағы тоқтылары ақжайық биязылау етті-жүнді қатарластарынан 3,4 және 8,1 % -ға жоғары болды. Бақылау сойысы деректері бойынша, үшінші топтағы етті-жүнді еркек қозылардың ет өнімділігі жоғары екені байқалды–сойыс салмағы бойынша бірінші топтағыдан 1,3 кг немесе 10,0%, екінші топтан – 2,6 кг немесе 20,4 % артты.

Cited by 0 works. doi:10.52578/2305-9397-2022-1-1-117-125 Open-access PDF

Authors