Отамалы дақылдарының егістерін өңдеуге арналған техникалық құралдың конструктивтік-технологиялық схемасын негіздеу
есен каиргалиев, Ауелбекова Ш.Н, Гумаров Д.Ж · Ġylym ža̋ne bìlìm · 2022
Отамалы дақылдарының жоғары өнімін алу үшін жоғары өнімді будандарды қолданумен қатар арамшөптермен және аурулармен күресудің технологиялық тәсілдерін, қосымша қоректендіруді және қатараралық механикалық өңдеуді біріктіруге негізделген егістіктерді өңдеудің энергия үнемдейтін технологияларын қолдану қажет. Егістерді күту бойынша агротехниканың талаптары сақталмаған жағдайда, тіпті арамшөптердің аздаған мөлшері кезінде отамалы дақылдарының өнімі 20-дан 50% - ға дейін төмендейді. Вегетацияның бірінші жартысында отамалы дақылдары арамшөптермен суды, қоректену элементтерін, жарықты тұтынуда табысты бәсекелесуге қабілетсіз, олар қызылша өсімдігінен 3-5 есе артық тұтынады. Сондықтан қызылша өсіретін шаруашылықтарда прогрессивті технологияларды қолдана отырып, отамалы дақылдары егісін өңдеуге және өнімділігі жоғары машина-трактор агрегаттарын пайдалануға ерекше көңіл бөлінеді.
Cited by 0 works. doi:10.52578/2305-9397-2022-4-3-157-165 Open-access PDF
Authors
References
- Spray deposits and losses in different sized apple trees from an axial fan orchard sprayer: 1. Effects of spray liquid flow rate
- Design and development of automatic weed detection and smart herbicide sprayer robot
- Techno-economic impacts of using a laser-guided variable-rate spraying system to retrofit conventional constant-rate sprayers