Еңбек өнімділігінің трендтік моделі аймақтың стратегиялық дамуын болжау құралы ретінде
З.Н. Борбасова, S. E. Rymbekov, А.А. Мусатаева · ECONOMIC Series of the Bulletin of the L N Gumilyov ENU · 2023
Қазақстанның аймақтық даму ерекшеліктерінің, өндірістің әртүрлілігінің, әртүрлі аймақтардағы ресурстардың өзіндік деңгейінің және нарықтық экономиканың әртүрлі реформаларының нәтижесінде Қазақстан аймақтары біркелкі емес дамуда. Дегенмен, бүкіл аймақ үшін ортақ даму стратегиясы болуы мүмкін емес. Әр аймақтың өзіндік даму жағдайлары, экономикалық және әлеуметтік әлеуеті бар. Аймақ экономикасын дамытуда осы факторларды ескеру қажет. Стратегиялық жоспар ұзақ мерзімді перспективада аумақтың қалаған жағдайына қол жеткізу үшін аймақтың бейімделуі мен тұрақты дамуының ең маңызды мәселелерін шешуі тиіс. Перспективті келбеті – стратегиялық басқару нәтижесінде аумақтың болашақтағы сипаттамасы. Бұл көзқарас әдетте бірқатар даусыз элементтерді қамтиды - жоғары еңбек өнімділігіне негізделген жоғары өмір деңгейі, жұмыспен қамтудың өсуі, әртараптандырылған қуатты экономика, жақсы өмір сапасы. Белгілі бір аймақты дамытудың бағыттары мен басымдықтарын анықтау үшін бірізді кезеңдердің алгоритмін пайдалана отырып, аймақтағы экономикалық белсенділіктің ағымдағы жағдайын талдауды қамтитын өңірлік белсенділікті бағалау әдістемесі ұсынылады. Зерттеу нәтижелері аймақ дамуының экономикалық тұрақтылығын басқару бойынша іс-шараларды стратегиялық жоспарлау үшін негіз ретінде пайдаланылуы мүмкін.
Cited by 0 works. doi:10.32523/2789-4320-2023-3-27-39 Open-access PDF
Authors
References
- Urban growth and decline: Europe’s shrinking cities in a comparative perspective 1990–2010
- New Approaches to Modernization of Spatial and Sectorial Development of Russian and Greek Regional Economy
- Analysing the regional geography of poverty, austerity and inequality in Europe: a human cartographic perspective
- How much does a single graduation cohort from further education colleges contribute to an open regional economy?
- New Approaches to Modernization of Spatial and Sectorial Development of Russian and Greek Regional Economy
- Обзор зарубежного опыта реализации кластерной политики в развитии территорий
- Analysis of Regional Economic Development Differences Based on Intelligent Hybrid Algorithm
- The modern regional policy paradigm: rationale and evidence from OECD countries
- Incorporating the life-course approach into shrinking cities assessment: the uneven geographies of urban population decline
- Analysing the regional geography of poverty, austerity and inequality in Europe: a human cartographic perspective