ТАРТҚЫШ ЭЛЕКТР ЖЕТЕГІН БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН МАТЕМАТИКАЛЫҚ МОДЕЛЬДЕУ
Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті ҚЕАҚ, Алматы, Қазақстан, Эльмира Даркенбаева, Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті et al. · Вестник Алматинского университета энергетики и связи · 2023
Мақалада реттелетін электр жетегінің оңтайлы жүйелерін анықтау мен құру мәселелері қарастырылады, басқару тиімділігі оның жұмыс режимдерінің тұрақтылығы үшін реттеу тізбектерін оңтайлы күйге келтірумен байланысты, мұнда зерттелетін объектіні математикалық модельдеуде қолданылатын бөліктердің жеткілікті санын анықтау мәселесі өзекті болып табылады. Жұмыстың мақсаты өтпелі процестерді зерттеу және олардың статикалық және динамикалық көрсеткіштеріне жүктеменің әсерін талдау болып табылады. Демек, MATLAB Simulink бағдарламасын құрал ретінде пайдалану оны синтездеудің және кешенді талдаудың тиімді нұсқасын табуға мүмкіндік берді, сонымен қатар алынған статикалық және динамикалық сипаттамалардың нәтижелерін жүйелеп, есептеулердің теңдігін, электр жетегі жүйесінің дұрыс анықталған параметрлерін және оны кейіннен оңтайландырудың функционалдығын растады. Жұмыста математикалық және имитациялық модельдер ұсынылған. Зерттеу барысында электромеханикалық энергияны түрлендірудің динамикалық процестерін сипаттауда қолданылатын әдістер, электр машиналарының математикалық теориялары, MATLAB Simulink модельдеу ортасында математикалық модельдеу және бағдарламалау қолданылды, функционалдық сұлба элементтері есептелді және таңдау жүргізілді. Жұмыс нәтижесінде электрлік дифференциалды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін реттелетін электржетегінің имитациялық моделі талданды. Алынған имитациялық модельдер эксперименттік қозғалтқыш жасаған сипаттамаларды бағалауға мүмкіндік береді
Cited by 0 works. doi:10.51775/27900886_2023_61_2_5 Open-access PDF
Authors
References
- Deep Residual Learning for Image Recognition
- Rich Feature Hierarchies for Accurate Object Detection and Semantic Segmentation
- ImageNet Large Scale Visual Recognition Challenge
- Backpropagation Applied to Handwritten Zip Code Recognition
- U-Net: Convolutional Networks for Biomedical Image Segmentation
- Microsoft COCO: Common Objects in Context
- Particle swarm optimization
- Generative Adversarial Nets
- Unpaired Image-to-Image Translation Using Cycle-Consistent Adversarial Networks
- Recent advances in deep learning for speech research at Microsoft