"Құрылыс мердігерлігі мердігерліктің бір түрі ретінде"

Ж. Ж. Талипова · Bulletin of Toraigyrov University Law series · 2023

"Құрылыс мердігерлігі қазіргі уақытта жылжымайтын мүлік объектілерімен байланысты қатынастар саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың ең перспективалы тәсілдерінің бірі болып табылады. Қызметтің бұл түрінің тартымдылығы мердігердің құрылыс мердігерлігінің қандай да бір түріне мамандануға (жаңа объектілер салу, күрделі жөндеу, қайта жаңартуға, жылжымайтын мүлік объектілерін техникалық қайта жарақтандыру және т.б.) немесе осы жұмыс түрлерін бір уақытта, яғни кешенді түрде жүзеге асыруға мүмкіндігі бар. Осыған байланысты құрылыс мердігерлігі шарты тараптарға өздерінің мүдделері мен қаржылық мүмкіндіктерін ескере отырып, өзара қарым-қатынастарды құруға мүмкіндік беретін негізгі тетік болып табылады. Әрине, мұндай қызмет теориялық және тәжірибелік сипаттағы көптеген мәселелерді шешу қажеттілігімен байланысты. Сонымен қатар, отандық заңнамада басты назар құрылысқа тапсырыс беруші мен мердігер арасында туындайтын қатынастарды құқықтық реттеудің кейбір аспектілеріне ғана аударылады, ал бірқатар маңызды мәселелер тиісті назардан тыс қалады. Мысалы, мердігердің жауапкершілігін реттейтін заңнамалық нормалар, салынып жатқан, қайта жаңартуға, күрделі жөнделетін және т.б. жылжымайтын мүлік объектілерінің сапасын арттырудың қосымша кепілдіктерін белгілеу оларды жетілдіруді талап етеді. Кілтті сөздер: мердігер, құрылыс мердігерлігінің шарты, бас мердігер, құқықтық реттеу, мердігерлік шартының түрлері. "

Cited by 0 works. doi:10.48081/pjok2454 Open-access PDF

Authors