ЖЕКЕ ТҰЛҒА ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ҚОРҒАЛУЫ

Ж.Т.Кабдулин, К. Т. Кабдулина · Bulletin of Toraigyrov University Law series · 2023

"Мақалада жеке тұлға құқықтарының халықаралық деңгейде қорғалуының халықаралық және ұлттық құқықтық нысандары, сондай-ақ сол мақсатқа жетудің кейбір мәселелері қарастрылған. Автор жаңа уақыттағы ғалымдардың, философтардың және заңгерлердің адам құқығы проблемаларын зерттеуде көп жетістіктерге жеткендерн, XIX ғасырдың аяғында жаңа жағдайларға сай адам құқығы туралы гуманистік концепция құрылып, индивидтердің қорғалуын тек ұлттық не болмаса әлеуметтік белгілері арқылы шешпей, жәй ғана адам екендігін есептеп шешу енгізілгеніне тоқталып өтті. Құқықтың дамуы және еркіндік, өзінің нәтижесінде адамға халықаралық дәреже берілуіне жеткізді. Сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымының жарғысы алғашқы рет, сол деңгейде адам құқығын құрметтеу қажет екендігін жариялап және оны қорғайтын мүмкіншіліктерді қарастырды. 1948 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы Жарғының қажетті жерлерін дамыта отырып: маңызды халықаралық құжат – Адам Құқығының Жалпыға бірдей Декларациясын қабылдап, онда адам туралы жалпы идеалдар жазылып, соған жетуге барлық елдердің талаптануының қажет екендігі, адам құқығының декларациясында негізгі еркіндіктер аталды. Сонымен, адам құқығын халықралық деңгейге қабылдау жолында маңызды қадамдар жасалып жатқанын ашып көрсетті. Кілтті сөздер: адам құқықтары, халықаралық қорғау, БҰҰ, Жарғы, саяси, мәдени, әлеуметтік құқықтар, қорғау механизмі, декларация."

Cited by 0 works. doi:10.48081/ihzw4322 Open-access PDF

Authors