"КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ ТҰРҒЫДАН ЭКСТРЕМИЗМГЕ ҚАРСЫ ТҰРУ"
Н. М. Мусабекова, М. А. Баданина, К. Т. Кабдулина · Bulletin of Toraigyrov University Law series · 2022
"Бұл мақалада экстремизм мәселесінің өзектілігін және оның көрінуінің әртүрлі нысандарын қарастырады. Экстремистік қылмыстардың жағдайы, құрылымы және динамикасы, экстремизмдегі өзгерістер. Экстремистік қызметке қарсы іс-қимылдың құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін реттейтін құқықтық актілер, экстремистік қызметті жүзеге асыру үшін жауапкершілік. Экстремизм ұғымы. Экстремистік топ құрғаны және оған қатысқаны үшін қылмыстық жауапкершілік. Мемлекеттік органдардың экстремизмнің алдын алу саласындағы жұмысы және олардың құзыреті. Экстремистік қылмыстарды талдау. Қылмыстық сипаттағы төтенше жағдайларды білдіретін экстремистік бағыттағы қылмыс құрамының бірқатар ерекшеліктері қарастырылды. Экстремизм мен терроризм туралы әлемдік және отандық пікірлер. Германия мен Франциядағы экстремизмнің алдын алудың рөлі. Ұжымдық қауіпсіздік туралы Шарттың және оның негізінде құрылған ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) шеңберінде жасалған халықаралық келісімдердің негізгі мақсаты. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердің терроризмге және экстремизмнің басқа да зорлық-зомбылық қылмыстарына қарсы күрестегі ынтымақтастығы тұжырымдамасы туралы шешім қабылдауы. 2022 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасындағы оқиғалар туралы Бас прокурордың сөздері. Осы оқиғалардың нәтижесі мен талдауы. Экстремизммен күресудің жолдары мен әдістері қарастырылған. Экстремизммен байланысты қылмыстардың криминалистикалық ерекшеліктері, олардың құрылымдық элементтерінің мазмұны және олардың арасындағы тұрақты байланыстар. Экстремистік қылмыстардың алдын алу шаралары. Кілтті сөздер: Экстремизм мәселесінің өзектілігі, экстремистік бағыттағы қылмыстар, қылмыстық жауапкершілік, мемлекеттік органдар, терроризм, қылмыс, ҰҚШҚ, ТМД, қаңтар оқиғасы."
Cited by 0 works. doi:10.48081/ekfy9218 Open-access PDF