"МИГРАНТТАРДЫҢ ЕҢБЕК ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУДЫҢ КЕЙБІР ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ"

Serik Kozhanovich Zhetpisov, А. Е. Жакишева, Ж. Ж. Талипова · Bulletin of Toraigyrov University Law series · 2022

"Қазақстанда көшіп-қонушылардың еңбек құқықтарын қорғауды қамтамасыз етудің өзектілігі қазіргі қоғамда көші-қон процестерінің таралу үрдістеріне байланысты. Мигранттардың еңбек құқықтарын тиімді қорғау қоғамның жоғары тиімді, оң күтулеріне бағдарланған, әсіресе, еңбек қатынастарының жұмыс берушінің билігі алдындағы ең осалдығымен және нақты шындықтың басқа жағдайларымен сипатталатын кезеңдерінде мигранттарды көпсалалы мақсатты қорғаудың жүйесін құру шеңберінде ғана мүмкін болады. Біздің ойымызша, еңбек құқықтарының көптеген бұзылуларымен байланысты еңбек қатынастарын тоқтату кезеңіне ерекше назар аудару керек. Мәселенің бұл аспектісі еңбек қатынастарындағы мигранттардың әлсіз әлеуметтік-құқықтық қорғалуын анықтауға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек кодексінде қызметкерді (оның ішінде еңбек мигрантын) қорғайтын құқықтық нормалардың едәуір саны болғанымен, бұл кодификациялық актіні еңбек қатынастары субъектілерін барынша қорғауды қамтамасыз ету үшін түзету қажет. Осы тезисті ескере отырып, біз еңбек қатынастарын тоқтату кезінде мигранттардың еңбек құқықтарын қорғауды жетілдіру қажеттілігін тұжырымдадық. Сондай-ақ, зерттеу еңбек қатынастарын тоқтату кезеңінде мигранттардың еңбек құқықтарын қорғаудың маңызды мәні анықталды; еңбек құқығының қорғаныс функциясының тәжірибелік көрінісі ретінде қорғаудың осы түрінің тұжырымдамалық компоненттері, жұмысшылардың еңбек құқықтарын қорғаудан туындайтын жеке институт, еңбек қатынастары, шаралар мен құқықтық кепілдіктер шеңберіндегі құқықтық қатынастар жүйесі ретінде анықталды. Кілтті сөздер: еңбек мигранттары, еңбек құқықтары, еңбек құқықтарын қорғау, көші-қон, шетелдік қызметкер."

Cited by 0 works. doi:10.48081/dyop4561 Open-access PDF

Authors

References