АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ТІС ДӘРІГЕРЛЕРІНІҢ ЖҰМЫСҚА ҚАНАҒАТТАНУ ДӘРЕЖЕСІН ЗЕРТТЕУ
А.Б. СЫЗДЫКОВА, К.К. ТОГУЗБАЕВА, К.М. ФАЙЗУЛЛИНА et al. · Farmaciâ Kazahstana · 2023
Дәрігерлер жұмысындағы күйзелістер денсаулыққа қатысты шағымдарға әсер ететіні белгілі. Стоматологтар жұмыс ортасындағы қолайсыз факторлардың (жоғары нейро-эмоционалды стресс, мәжбүрлі жұмыс позасы, анализатор жүйелерінің шамадан тыс кернеуі, шу, діріл және т.б.) күрделі әсеріне ұшырайды. Біз Алматыдағы тіс дәрігерлерінің жұмысына қанағаттану дәрежесін анықтауды мақсат еттік. Зерттеуде әлеуметтік әдіс қолданылды. Алматы қаласындағы 26 жеке стоматологиялық клиникада жұмыс істейтін 128 тіс дәрігері арасында анонимді сауалнама жүргізілді. Дәрігерлердің қызметтерінің құнына байланысты пікірлері былайша бөлінді: құны негізделген 60,9%-ға (абс. 78), жоғары бағаланған – 19,5%-ға (абс. 25). Стоматологтардың тек 17,2%-ы (абс. 22) жалақысын жеткілікті деп есептеді. Өзінің кәсіби мүмкіндіктерін іске асыруды барлық стоматологтардың 27,3%-ы (абс. 35) толық жүзеге асыратынын, 68,75%-ы (абс. 88) толық емес жүзеге асыратын білдірді. Жұмысқа қанағаттанбауға әсер ететін негізгі факторлар: жалақының жеткіліксіз деңгейі, кәсіби жұмыс жүктемесінің көп болуы, пациенттермен қақтығыстар, ұжыммен және басшылықпен қарым-қатынастар. Барлық топтағы дәрігерлердің еңбекақының орындалған жұмысқа сәйкестігі туралы пікірлері айтарлықтай ерекшеленбеді және жынысына, жасына, аттестаттау санатына, толық емес жұмыс күніне байланысты болмады.
Cited by 0 works. doi:10.53511/pharmkaz.2023.22.55.044 Open-access PDF
Authors
References
- Associates and their working environment: a comparison of corporate and non-corporate associates
- Dentist Job Satisfaction: A Systematic Review and Meta-analysis
- Working conditions, job satisfaction and challenging encounters in dentistry: a cross-sectional study
- Dentists working conditions – factors associated with perceived workload
- Analysis of occupational stress, burnout, and job satisfaction among dental practitioners
- Extensive Evaluation of the Overall Workplace Experience and Job Satisfaction of Dentists in Saudi Arabia
- Job satisfaction and stress among dental faculty members: A mixed‐method approach
- Job Morale of Physicians and Dentists in Kazakhstan: A Qualitative Study