БОСАНУ ЖАСЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕРДЕ ТҮТІКШЕЛІК ГЕНЕЗДЕГІ БЕДЕУЛІКТІ ЕМДЕУДЕГІ ЛАПАРОСКОПИЯЛЫҚ ӘДІСТІҢ ТИІМДІЛІГІ

А.К. Аязбеков, Г.Б. ЖҮНІСБЕКОВА, Р.Г. Нурхасимова et al. · Farmaciâ Kazahstana · 2023

Қазіргі таңда бедеулік әлемдегі ең маңызды проблемалардың бірі, әйелдердегі бедеуліктің жетекші түрі — түтікшелі-перитонеальді өткізгіштіктің бұзылуы салдарынан дамиды. Фаллопиялық түтіктердің өткізгіштігін қалпына келтіруде лапароскопиялық әдістің тиімділігін бағалау мақсатында №3 Облыстық перинаталдық орталықта жатыр түтіктерінің өткізгіштігі болмауына байланысты лапароскопиялық әдіспен 2019-2021 жылдар аралығында ота жасалған 95 пациенттің деректеріне ретроспективті түрде зерттеу жүргізілді. Зерттеу барысында біз, барлық пациенттерді біріншілік және екіншілік бедеулікке байланысты 2 топқа бөліп қарастып, талдау жасалдық, тиімділік бағаланды. Лапароскопиялық әдіс жатыр түтікшелерінің өткізгіштігінің болмауы бедеулікті емдеудің перспективті әдісі болып саналады, отадан кейінгі реабилитациялық шаралардың мүлдем жүргізілмеуі, емнің нәтижелілігін айтарлықтай төмендетіп отыр.

Cited by 0 works. doi:10.53511/pharmkaz.2023.45.60.010 Open-access PDF

Authors

References