ТУА БІТКЕН ДАМУ АҚАУЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ДИАГНОСТИКАСЫНЫҢ ПРОБЛЕМАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

А.К. Аязбеков, Р.Г. Нурхасимова, А.Е. Ошибаева et al. · Farmaciâ Kazahstana · 2023

Мақалада авторлар қазіргі уақытта әлемнің көптеген елдерінде туа біткен даму ақауларлар қоғамдық денсаулық сақтау саласының өзекті мәселесі болып қала беретін және бала өлімі мен мүгедектік қаупіне маңызды фактор болып табылатын даму ақауларын зерттейді. Түркістан облысы №3 Облыстық перинаталды орталықта жүкті және босанушы әйелдердің босану тарихын, алмасу картасын, нәрестелер даму тарихын және жеке картасын қолдана отырып, 2020-2022 жылдар аралығында ретроспективті салыстырмалы талдау жүргізілді, зерттеу объектілері тірі туылған тума ақаулары бар 269 нәресте болды. 2020-2022 жылдар аралығында жалпы дүниеге келген тірі туылған нәрестелер саны 31724 (100%), оның ішінде туа біткен даму ақаумен туылған нәрестелер үлесі 269 (0.84%) нәресте екені анықталды. Соңғы үш жылда орталықта туа біткен даму ақауымен туылған нәрестелер жиілігі 1.8 есеге немесе 47.1%- ға артқандығын зерттеу барысында айқындалды. Осы жылдар ағымында жүйелер бойынша, яғни, жүрек тамыр жүйесі 1.05%-ға, тыныс алу жүйесі 0.78%- ға, ас қорыту жүйесі 0.94%-ға, зәр шығару жүйесі 0.78%-ға, орталық жүйке жүйесі 1.42%-ға, тірек қимыл аппараты ақауы 1.19%-ға, сезім мүшелер ақауы 1.05%-ға, сонымен қатар хромосомдық ақау 0.78%-ға артқандығы, ал керісінше ерін және таңдай жарығы 0.49%-ға кемігендігі белгілі болды. Туа біткен даму ақаулардың жоғары деңгейі олардың алдын алу шараларын әзірлеу мен жүзеге асыруды қажет етеді.

Cited by 0 works. doi:10.53511/pharmkaz.2023.67.96.009 Open-access PDF

Authors

References