Аймақтық деңгейде инновациялық процеске қатысушылардың өзара іс-әрекетін жандандыру тетігін әзірлеу
С.Ж. Нургалиева, Dana Bekniyazova, С.В. Беспалый · BULLETIN OF THE KARAGANDA UNIVERSITY ECONOMY SERIES · 2021
Мақсаты: Қазақстан Республикасының өңірлерінде инновациялық қызметті жүзеге асырудың тиімділігін зерттеу бүгінгі күні инновациялық инфрақұрылым қалыптастырылғанын, алайда инновациялық инфрақұрылым элементтері экономиканың инновациялық дамуына елеулі әсер етпейтінін көрсетеді. Осыған байланысты зерттеудің мақсаты ел өңірлерінің инновациялық әлеуетін толық іске асыруға ықпал ететін аймақтық ғылымитехнологиялық парктің жұмыс істеу моделін әзірлеу болып табылады.Әдісі: Зерттеу барысында сапалық және сандық әдістердің бірлігін қамтамасыз ете отырып, мәселелерді шешуге жүйелі көзқарасты көздейтін ғылыми әдістеме қолданылды. Атап айтқанда, индекстік әдістер, интегралдық бағалау әдістері, корреляциялық-регрессиялық талдау (Пирсонның корреляция коэффициенті), бірнеше корреляциялық талдау.Қорытынды: Мақалада аймақтық ғылыми-технологиялық парктің жұмысына корреляциялықрегрессиялық талдау жүргізу негізінде оның республика аймақтарының инновациялық дамуына әсерін бағалаумен расталған отандық ғалымдардың ғылыми әзірлемелерін коммерцияландыруға жәрдемдесетіні негізделген.Тұжырымдама: Аймақтық ғылыми-технологиялық паркті қалыптастыру ел өңірлері экономикасының бәсекегеқабілеттілігі үшін технологиялық құрамдас бөлікті қамтамасыз ете алады және сол арқылы аймақтардың зияткерлік әлеуетін толық қайтарыммен пайдалануға мүмкіндік береді.
Cited by 0 works. doi:10.31489/2021ec4/127-136 Open-access PDF
Authors
References
- Open innovation: State of the art and future perspectives
- What we should know about regional systems of innovation
- Open innovation and its effects on economic and sustainability innovation performance
- The changing role of science in the innovation process: From Queen to Cinderella?
- Knowledge management and innovation in knowledge-based and high-tech industrial markets: The role of openness and absorptive capacity
- Sustainable business models for innovation and success: bibliometric analysis
- Structured review using TCCM and bibliometric analysis of international cause-related marketing, social marketing, and innovation of the firm
- Intellectual property rights and innovation: A panel analysis
- Editorial: Special issue on innovation and product development
- How different kinds of innovation affect exporting