Климаттық экономика жағдайында жаңартылатын энергияны дамыту ерекшеліктері
А.М. Жумагулова, А.М. Есиркепова, Е.Т. Акбаев et al. · BULLETIN OF THE KARAGANDA UNIVERSITY ECONOMY SERIES · 2023
Мақсаты: Мақаланың мақсаты — климаттың өзгеруін азайтуға және қоршаған ортаны жақсартуға көмектесу үшін жаңартылатын энергияны пайдалану мүмкіндігін зерттеу.Әдісі: Мақалада климаттық экономика жағдайында жаңартылатын энергияны пайдалану тиімділігін анықтаудың жүйелік, сараптау, жалпылау, салыстырмалы және статистикалық әдістері қолданылған. Пайдаланылған әдістер жаңартылатын энергия көздері жөніндегі халықаралық агенттіктің ресми статистикасынан алынған нәтижелерге және отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми мақалаларынан алынған ғылыми тұжырымдамаларға негізделген.Қорытынды: Мақалада жаңартылатын энергия өндірісінің белгіленген қуаттылығының динамикасы, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздеріне, энергия тиімділігіне және басқа технологияларға жыл сайынғы жаһандық инвестициялар талданған. Авторлардың пікірінше, мемлекеттік саясат жанармай мен әртүрлі жаңартылатын энергия көздерінен қымбат өнімдерді өндіруге көмектесетін университеттер мен өнеркәсіптегі технологиялық инновацияларды ынталандыруы керек. Жаңартылатын энергия көздері нарығындағы ағымдағы жағдай энергияның осы түрінің жыл сайын ұлғаюын көрсетеді, алайда тиісті инфрақұрылым мен инновациялық технологияларды құру бойынша жұмыс жүргізген жөн.Тұжырымдама: Климаттың өзгеруімен күресу үшін жаңартылатын энергияны дамытуға қатысты бағыттарды үйлестірілген орталықтандырылған және орталықтандырылмаған стратегияларды әзірлеу, жаңартылатын энергетика секторларында қаржылық технологияларды енгізу, жаңартылатын энергияның әлеуметтік-экономикалық салдарын барынша ескеру және жаңартылатын энергия көздерінің қоршаған ортамен байланысын инновациялық технологиялар арқылы анықтау керек.
Cited by 0 works. doi:10.31489/2023ec4/156-162 Open-access PDF
Authors
References
- Renewable and sustainable clean energy development and impact on social, economic, and environmental health
- Role of renewable energy technologies in climate change adaptation and mitigation: A brief review from Nepal
- Effectiveness of climate policies: Carbon pricing vs. subsidizing renewables
- Dynamic connectedness among climate change index, green financial assets and renewable energy markets: Novel evidence from sustainable development perspective
- Quantum computing and quantum artificial intelligence for renewable and sustainable energy: A emerging prospect towards climate neutrality
- Climate proofing the renewable electricity deployment in Europe - Introducing climate variability in large energy systems models
- Impacts of renewable energy on climate vulnerability: A global perspective for energy transition in a climate adaptation framework
- Let's hear it from the cities: On the role of renewable energy in reaching climate neutrality in urban Europe
- The EU policy on climate change, biodiversity and circular economy: Moving towards a Nexus approach
- Renewable and Non-renewable in the energy-emissions-climate nexus: Brazilian contributions to climate change via international trade