«БУРАБАЙ» МЕМЛКЕКЕТТІК ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ ПАРКІНДЕГІ ҚАРАҒАЙЛЫ ОРМАНДАРДА ТАБИҒИ ЖАҢАРУДЫ БАҚЫЛАУ
К. Ш. Рахматулина, Е.В. Архипов, Ю. С. Боссерт et al. · Bulletin of Toraighyrov University Chemistry & Biology series · 2023
Бұл мақалада «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағындағы қарағай ормандарының табиғи жаңару үрдісі зерттелген. Жұмыстар әртүрлі орман алаңдарында жас өскіндерді есепке алу арқылы жүргізілді. Сонымен қатар, қарағай ормандарының табиғи жаңаруына әсер ететін фокторлар да зерттелген. Қазіргі уақытта қарағай ормандары әртүрлі факторлардың әсерінен жалпы орман алаңындағы үлесі пайыздық мөлшерге шаққанда азайған. Бұл биологиялық алуантүрліліктің де өзгеруіне әсер етеді және бағалы қылқандылардың орнына орман алаңдарында құндылығы төмен жапырақты екпелердің үлесінің артуына әкеледі. Сондықтан құндылығы жоғары ағаш түрлерін табиғи қалпына келтіру тұрғысынан орманшылық іс-шараларын әзірлеу қажеттілігі туындайды, ал отырғызу материалдарымен орман құру жұмыстары көп қаражат пен еңбек шығындарын талап етеді. Орманның табиғи жаңаруы биологиялық алуантүрлілік пен ағаш түрлерінің генофондын сақтауға ықпал жасайды. «Бурабай» МҰТП аумағындағы әртүрлі функционалдық аймақтарда өсетін қарағайлардың табиғи жаңаруын бағалаужұмыстары өзекті болып табылады. «Бурабай» МҰТП аумағындағы қарағайдың табиғи жаңаруы ормандарды қалпына келтіру және молайту үшін маңызды. Табиғи жаңаруды екі тұрғыдан қарастыруға болады: 1) өздігінен пайда болатын белгілі бір заңдылықтарға бағынатын орманның табиғи жаңару үрдісі; 2) орманшылардың бағыттауымен жүргізілетін және реттелетін үрдісі. Осы мақсатқа жету жолында: бақылау алаңдарында қарағайлар мен басқа түрлердің жас өскіндерін бағалау, олардың өсуі мен дамуына әсер ететін факторларды анықтау, табиғи жаңаруды бағалау сияқты міндеттер қойылып, орындалған. Кілтті сөздер: табиғи жаңару, жас өскін, фенологиялық бақылау, орман типтері, қарағайлы ормандар, ұлттық табиғи парк, кәдімгі қарағай, үрдіс.
Cited by 0 works. doi:10.48081/hpyq6557 Open-access PDF