СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕСТІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕСІ
Н. Ж. Жунусов, К. Т. Кабдулина, А. Т. Ахмадиева · Bulletin of Toraigyrov University Law series · 2023
Қазіргі әлемде сыбайлас жемқорлықтың болуы және осы құбылыспен күресу ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Мақала сыбайлас жемқорлықтың негізгі формалары мен түрлерін, олардың қазіргі қоғамдағы ерекшеліктерін зерттеуге арналған. Сыбайлас жемқорлық қызметінің ресми және ғылыми түсіндірмелері, типологиясы қаралды. Отандық және шетелдік ғалымдардың бұрын жарияланған еңбектеріне, сондай-ақ құқықтық актілерге сүйене отырып, негізгі сыбайлас жемқорлық қылмыстары анықталды. Шет мемлекеттердің сыбайлас жемқорлықпен күресудің негізгі нысандары мен шараларын қарастырады. Алайда, сыбайлас жемқорлықтың бірыңғай анықтамасы әлі жоқ екенін атап өткен жөн, сондықтан түрлерді зерттеу және оларды жіктеу бұл құбылысты егжей-тегжейлі түсінуге көмектеседі. Сыбайлас жемқорлық бірнеше нысандарға бөлінуі мүмкін: парақорлық, лоббизм, непотизм, фаворитизм, біз осы ұғымдардың барлығын мақалада қарастырамыз. Сыбайлас жемқорлық кез келген нысанда көптеген шет мемлекеттерде бар, оның халықаралық сипаты жалпыға бірдей танылған. Халықаралық құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық халықаралық құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы жаһандық проблемалардың бірі ретінде айқындалады. Халықаралық қоғамдастық сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жолын кесу ісінде күш біріктіруге ұмтылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің шетелдік тәжірибесі өте маңызды және ұлттық заңнамада ескерілуі мүмкін. Кілтті сөздер: халықаралық тәжірибе, алдын алу, сыбайлас жемқорлық, шет елдер, парақорлық, мемлекеттік қызметшілер, іс-қимылдар, құқықтық актілер, күресу.
Cited by 0 works. doi:10.48081/kvel9921 Open-access PDF