БӨДЕНЕЛЕРДІҢ ӨСІП ЖЕТІЛІУІ ЖӘНЕ ӨНІМІДІЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Alma Temirzhanova, Nadezhda Burambayeva, Ж. Ж. Уахитов et al. · Bulletin of Toraighyrov University Chemistry & Biology series · 2023

Бөденелер құйрығы өте қысқа және ұшасы шағын ең кішкентай үй құстарына жатады. Әлемнің көптеген елдерінде бөденені өсіру кең ауқымда және өндірісті ұйымдастырудың замануи өнеркәсіптік түрлеріне негізделген. Осы саланың өнімі – жұмыртқа және ет, олардың диеталық, емдік қасиеттері жоғары және тұтынушылардың жоғары сұранысына ие. Соңғы 10–15 жылда бөдене шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы мәселелеріне елеулі назар бөлінді. Өнеркәсіптік жағдайда бөденелерді өсірудің технологиясы әзірленді және бөденелердің жаңа тұқымдары зерттелді. Осыған байланысты бөдене шаруашылығындағы өзекті мәселелердің бірі болып, ата-аналық табынды қалыптастыруда құстың тиімді жасын анықтау енеді, оның шешімін табу бөденелердің генетикалық әлеуетін тиімді пайдалануға, өнімділігін және оларды пайдалану мерзімдерін жоғарлатуға, азықтық базаны тиімді пайдалануға, еңбек өндіргіштілігін жоғарлатуға, өндірістік аудандарды неғұрлым ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді. Біздің зерттеу жұмысымыздың мақсаты болып, «Инфрастрой ЛТД» ЖШС бөдене шаруашылығының өнімділік ерекшеліктерін зерттеу. Зерттеу нәтижесінде «Инфрастрой ЛТД» ЖШС өсірілетін бөденелердің сақталуын және өнімділігін жоғарлатуға және каннибализм салдарынан олардың шығымын төмендетуге мүмкіндік беретін тәсілдері жапондық бөдене тұқымының бөденелерінің ата-аналық табынын жинақтау үшін ұсындық. Кілтті сөздер: бөдене, мекиен, қораз, балапан, өсіп-жетілу, жұмыртқа, өнімділік.

Cited by 0 works. doi:10.48081/amhq9556 Open-access PDF

Authors

References