«Банк ВТБ (Қазақстан)» акционерлік қоғамы еншілес ұйымының қаржылық жағдайын талдау және төлемқабілеттілігін бағалау
Ж. М. Бұлакбай, M. Bekova · ECONOMIC Series of the Bulletin of the L N Gumilyov ENU · 2023
Мақалада коммерциялық банктердің қаржылық тұрақтылығына әсер ететін негізгікөрсеткіштер анықталған. Банктің қаржылық тұрақтылығының мәні несиелік ұйымның әртүрлі сы-ртқы және ішкі теріс экономикалық факторларға қарсы тұра алатын «иммунитет» күші ретінде қа-растыру болып табылады. Коммерциялық банктердің тұрақтылығы мен сенімділігі негізінде оныңтөлемқабілеттілігі және өтімділігі жатады деп саналады. Несиелік ұйымның төлемқабілеттілігіедәуір дәрежеде оның активтері мен пассивтерінің теңгерімділігімен және белгілі бір дәрежеде ор-наластырылған активтер мен тартылған пассивтердің мерзімдерінің сәйкес болуымен айқындала-ды. Осылайша, банктің активтері мен міндеттемелерінің жағдайы, активтерінің өтімділік жағдайы,ресурстық базасының тұрақты болуы, ақша қаражаттарын тарту қабілеті банктің төлемқабілеттілі-гіне әсер ететін факторлар болып табылады.
Cited by 0 works. doi:10.32523/2079-620x-2019-2-97-104 Open-access PDF