БҮЙРЕКТІҢ ГЛОМЕРУЛЯРЛЫ АУРУЫ ФАРМАКОТЕРАПИЯСЫНДАҒЫ ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕРДІҢ ЖАНАМА ӘСЕРЛЕРІН ТАЛДАУ

А.А. Асан, Zakira Kerimbayeva, Б.А. Калелова et al. · Farmaciâ Kazahstana · 2024

Созылмалы бүйрек ауруы (СБА) тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде бүйрек функциясының үдемелі төмендеуімен сипатталатын ең жиі кездесетін клиникалық жағдайлардың бірі болып табылады. Халықаралық нефрология қоғамының 2023 жылғы мәліметі бойынша, СБА бүкіл әлемде 850 миллион адам зардап шегеді, бұл барлық жастағы және нәсілдегі адамдарға әсер етеді [ISN, 2023]. Медициналық тұрғыдан СБА бүйрек зақымдануының болуы немесе себебіне қарамастан 3 ай немесе одан да көп уақытқа созылатын 60 мл/мин/1,73 м2-ден төмен шумақтық сүзілудің болжалды жылдамдығы ретінде анықталады. Бұл бүйрек қызметі бірте-бірте төмендейтін және бүйректі алмастыру емі (диализ немесе трансплантация) қажет болатын жағдай. Кіріспе. Гломерулярлы бүйрек ауруы (ГБА) тұрғындардың арасында кең таралуымен байланысты әлеуметтік-экономикалық салдары бар, қоғамдық денсаулық сақтаудың маңызды мәселесі болып табылады. Бүйректің созылмалы ауруларының (БСА) әртүрлі сатысында дәрілік препараттарды қайталап тағайындау, жағымсыз дәрілік өзара әсерлесуге, соңғы метаболит өнімдерінің жинақталуына, нефроуыттылыққа және бүйрек жетімсіздігінің терминалды сатысына дейін алып келетін, негізгі факторлардың бірі болып қала береді. ГБА болжамы келесі факторларға негізделуі мүмкін екені белгілі: (а) диагноз қою кезіндегі шумақтық сүзілу жылдамдығы (ШСЖ); бүйрек ауруының себебі; альбуминурия дәрежесі. Басқа ілеспелі аурулардың болуы. Пациенттерді клиникалық тәжірибеде қарау кезінде, ГБА асқынулары жиі дұрыс анықталмайды немесе тиісті ем жүргізілмейді [1]. Бұл көбінесе ауыр сырқаттанушылыққа, ерте өлімге немесе нашар болжамға әкеледі. ГБА келе бере бүйрек жетімсіздігінің терминалды сатысына ауысады, бұл өмірлік маңызды бүйректік орын басу терапиясын қажет етеді. Бүйрек ауруы бар науқастарға препаратты тағайындау, препаратты, науқастың физиологиясының өзгеру дәрежесін және дозалау режимдерін өңдеуге әсер ететін, фармакокинетикалық ұстанымдарды білуді талап етеді [2]. Дозалау режимін өзгетуді қажет ететін кейбір жағдайларда, дәрілік препараттың тиімді дозалануын басқару үшін фармакокинетикалық ұстанымдарды қолдану арқылы бағалауға немесе тіпті сандық анықтауға болады. Бұл, дараландырылған медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді және дәрі-дәрмектің аз немесе артық дозалануының нәтижесінде болатын жанама әсерлердің азаюына алып келеді [3]. Дәрілік препараттардың жағымсыз әсерлері ГБА бар науқастарды госпитализациялаудың жалпы себебі болып табылатыны және олардың бүйрек қызметінің нашарлайтыны және оларға жиі бірнеше препараттар тағайындалатыны анықталды. Сондай-ақ, қан сарысуындағы креатинин деңгейі де маңызды және бүйрек функциясын бағалаудың орнына, тек қан сарысуындағы креатинин деңгейіне негізделген дозалау ГБА бар науқастарда артық дозалануға әкелуі мүмкін [4]. Бүйрек қызметін, яғни шумақтық сүзілу жылдамдығын плазмадағы креатинин және/немесе цистатин С (pШСЖ) талдауы бойынша қарапайым формулалар арқылы бағалауға болады. Заманауи және расталған формулалар арқылы орындалатын мұндай бағалаулар, әдетте, дене бетінің ауданына (мл/мин/л2) сай келтірілген бүйрек қызметін білдіреді [5]. ГБА бар науқас пен бүйректердің қалыпты қызметі арасындағы қатынасты есептеу арқылы, ең алдымен шумақтық сүзілу арқылы шығарылатын препараттардың плазмадағы концентрацияларын алу үшін қалыпты дозалау аралығын қаншалықты арттыру немесе дозаны азайту керектігін бағалауды жүргізуге болады. (шамамен 90–125 мл/мин/1,73 м2). Клиникалық тәжірибеде дәрілерді тағайындайтын дәрігерлердің, ШСЖ және бүйрек зақымдануының маркерлері туралы білімдерін кеңейту мен қолдануының жоғарылауы, ГБА бар науқастарда жағымсыз реакциялардың пайда болу қаупін азайтады [6]. Әдебиеттерден бүйрек қызметінің орташа төмендеуі өмір сүру ұзақтығының айтарлықтай төмендеуіне, денсаулықтың басқа көрсеткіштерінің нашарлауына және фармакотерапияның қымбаттауына әкелетіні белгілі [7]. ГБА кең таралуы, оның жағымсыз нәтижелері мен асқынулары, ерте анықтау бойынша шараларды халық деңгейінде енгізу және өңдеудің орындылығы, нефропротекция и нефропрофилактика мәселесін көтеруге негіз болып табылады [8-9]. Тиімді фармакотерапия мәселелері, атап айтқанда науқастардың әртүрлі санаттарында нефропротекцияға арналған препараттардың тиімділігі бүгінгі күні кеңінен талқылануда және дәлелді базаның аздығына байланысты нақты шешімдері жоқ [10]. ГБА қайталама профилактикасы соңғы сатыдағы бүйрек жеткіліксіздігінің даму қаупін барынша төмендетуге бағытталған және дәрілік емес және фармакологиялық шаралар кешенін қамтиды [11]. ГБА мен ауыратын науқастарға фармакотерапия үшін қауіпсіз препараттарды таңдау өте маңызды. Бүгінгі таңда Қазақстанда медициналық ұйымдарда дәрілік заттарды тиімсіз қолданудың ағымдағы деңгейін немесе таралуын көрсететін деректер жоқ [12-13].

Cited by 0 works. doi:10.53511/pharmkaz.2024.65.83.027 Open-access PDF

Authors

References