ОРТА МЕКТЕПТЕ ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУДАҒЫ КОМПЬЮТЕРЛІК МОДЕЛЬДЕУ ӘДІСІ

М. П. Рамадин, А. К. Искакова · Vestnik Torajgyrov universiteta. Seriâ: fizika, matematika i kompʹûternye nauki · 2024

Орта мектепте оқу процесінде ақпараттық технологияларды қолдану қазіргі таңда білім берудің негізгі бағытына айнала бастады. Оқу процесінде компьютерді пайдалану бойынша физика пәні ерекше орынға ие. Бұл физикалық ғылым мен есептеу техникасы арасындағы өзара тығыз байланыспен анықталынады. Мақалада орта мектепте физика пәнін оқытуда ақпараттық технологияларды қолдану және компьютерлік модельдеу ерекшеліктері сипатталады. Мақаланың мақсаты – орта мектепте физиканы оқытуда қолданылатын компьютерлік әдістерді қолдану негізінде оқушылардың бойында компьютерлік сауаттылық дағдыларын қалыптастыру мен дамыту мүмкіндіктерін көрсету. Сонымен қатар, мақалада физикалық құбылыстар мен процестерді модельдеуде компьютерлік технологияларды қолдану қажеттіліктері қарастырылады. Авторлар орта мектепте физика сабағында физикалық құбылыстар мен процестердің компьютерлік модельдерін алуда немесе оларды қолдануда MathCad, MATLAB (Simulink), MARC+Mentat II, COMSOL Multiphysics, Startflow компьютерлік бағдарламаларын ұсынады. Зерттеу әдістері ретінде орта мектепте физика пәнін оқытуда компьютерлік модельдеу әдістерін қолдану өзектілігін ашатын отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми еңбектеріне жүргізілген талдау, сонымен қатар синтез және жалпылау әдістері алынды. Авторлар мақалада «физикалық құбылыстар мен процестерді модельдеуге мүмкіндік беретін компьютерлер мен ұялы телефондарды физика сабағында қолдану дәстүрлі физикалық практикумның мүмкіндіктерін кеңейтеді» деген тұжырымдаманы келтіреді. Кілтті сөздер: компьютерлік модельдеу, физика, ақпараттық технология, математикалық модель.

Cited by 0 works. doi:10.48081/ucae4809 Open-access PDF

Authors

References