МЕТАБОЛИЗМДІК СИНДРОМЫ БАР АДАМДАРДЫҢ КОГНИТИВТІК ЖӘНЕ ПСИХОСОМАТИКАЛЫҚ БҰЗЫЛЫСТАРЫМЕН БАЙЛАНЫСЫ: ӘДЕБИ ШОЛУ
Dinara Nemetova, М Б Жунисова, Г О Нускабаева et al. · Farmaciâ Kazahstana · 2024
Соңғы жылдары метаболизмдік синдром және оның симптомдар кешенінің артуы қоғамның өзекті мәселесіне айналды және медицинаның әртүрлі салаларындағы мамандардың назарын аударуда. Метаболизмдік синдром мәселесінің өзектілігі таралудың артуына да, оның әлеуметтік маңыздылығына да байланысты, өйткені метаболизмдік синдром компоненттері бүкіл әлемдегі халық арасындағы өмір сүру ұзақтығы мен өлім көрсеткішіне айтарлықтай әсер етеді. Бұл әдеби шолуда метаболизмдік синдромы бар адамдарда когнитивтік және психосоматикалық бұзылыстар арасындағы байланыс анықталған, соңғы алты жылда жарияланған мақалалар қаралды. Нәтижесінде метаболизмдік синдромы бар адамдарда когнитивтік бұзылыстары, депрессия және стресс деңгейімен тікелей байланысы анықталды. Метаболизмдік синдром — жүрек-қантамыр ауруларына себеп болатын метаболизмдік бұзылыстардың жиынтығынан тұрады. Метаболизмдік синдром компоненттерін абдоминальды семіздік, артериалды гипертензия, көмірсу алмасуының бұзылысы және дислипидемия құрайды. Қазіргі уақытта метаболизмдік синдром бар адамдарда когнитивтік және психосоматикалық бұзылыстар қоғамдық денсаулықтың маңызды мәселесіне айналды. Зат алмасу бұзылыстары, жүрек-қан тамыр аурулары және мидың ауытқулары когнитивтік қызметтің төмендеуіне әкеледі. Есте сақтау, назар аудару, ойлау жас ұлғайған сайын бірте-бірте төмендейтіні анық және бұл өзгерістер метаболизмдік синдроммен тікелей байланысты екені зерттелуде. Депрессия және стресске шалдыққан адамдар физикалық белсенділіктің азаюына байланысты салмақтың өсуіне, дұрыс емес тамақтануға, қант диабеті және жүрек-тамыр ауруларына шалдығады. Көптеген зерттеулерде осы екі мәселенің өзара байланысы қарамақайшы нәтижелерді көрсетеді. Психосоматикалық бұзылыстар денсаулық сақтау саласының ауқымды проблемасы ретінде жан жақты зерттеуді талап етеді, ол өз кезегінде метаболизмдік синдромы бар науқасты дұрыс жүргізуге және асқынулардың алдын алуға көмектеседі.
Cited by 0 works. doi:10.53511/pharmkaz.2024.76.15.009 Open-access PDF
Authors
- Dinara Nemetova
- М Б Жунисова
- Г О Нускабаева
- К.Ж. Садыкова
- А.С. БАБАЕВА
- Dilbar Aidarbekova
- Ainur Turmanbayeva
References
- Prevalence of Depression in the Community from 30 Countries between 1994 and 2014
- Stress related disorders and risk of cardiovascular disease: population based, sibling controlled cohort study
- Stress-Induced Hyperglycemia: Consequences and Management
- The association between psychological stress and metabolic syndrome: A systematic review and meta‐analysis
- Stress-Induced Diabetes: A Review
- Mechanisms of Insulin Resistance at the Crossroad of Obesity with Associated Metabolic Abnormalities and Cognitive Dysfunction
- The Relationship Between Depression and Metabolic Syndrome: Systematic Review and Meta-Analysis Study
- Metabolic Syndrome and cognitive decline in the elderly: A systematic review
- Prevalence and Risk Factors of Metabolic Syndrome: A Prospective Study on Cardiovascular Health
- The effectiveness of stress management training on blood glucose control in patients with type 2 diabetes