ҚАЗАҚСТАННЫҢ СОЛТҮСТІК ӨҢІРІ ЖАҒДАЙЫНДА ИМПОРТТАЛҒАН ЕТТІ АБЕРДИН-АНГУС ТҰҚЫМЫ ҮШІНШІ ГЕНЕРАЦИЯ БҰҚАШЫҚТАРЫНЫҢ ЕТ ӨНІМДІЛІГІ
Zh.Е. Titanov, Н. Ж. Кажгалиев, Т. И. Кульмагамбетов et al. · Bulletin of Toraighyrov University Chemistry & Biology series · 2022
Мақалада Қазақстанның солтүстік аймағы жағдайында импортталған етті бағыттағы абердин-ангус тұқымы еуропалық және канадалық селекция үшінші генерация бұқашықтарының ет өнімділігінің сандық және сапалық сипаттамаларын зерттеу бойынша зерттеу материалдары баяндалған. Зерттеу жұмыстары Солтүстік Қазақстан облысы «Жолдасбай-Агро» ФШ-да жүргізілген. Нәтижесінде алынған деректерді талдау әртүрлі селекциялы ІІІ буын ұрпағындағы бұқалардың ет өнімділігінің жеткілікті жоғары деңгейін көрсетеді. Зерттеу барысында сойыс көрсеткіштері бойынша белгілі бір топтар арасындағы айырмашылықтар анықталды. Осылайша, cояр алдындағы тірі салмағы, ұшаның салмағы, сойыс салмағы бойынша абердин-ангус тұқымының ІІІ буындағы канадалық селекция бұқашықтарында тиісінше 2,3; 6,7 және 6,6 кг артықшылығы байқалды. Канадалық және еуропалық селекциялық бұқашықтардың сойыс шығымы жоғары болды, яғни 61,8 %-дан астам болды. ІІІ генерация бұқашықтарының ұша құрамын зерттеу барысында канадалық селекция бұқашықтарында таза ет шығымы 73,8 % құрап, еуропалық селекция жастастарынан 0,4 %-ға артық болды. Ал май ұлпасы көрсеткіші бойынша керісінше еуропалық селекция бұқашықтары канадалық жастарынан 3,2 % басымдық танытты. Ал ұшаның жеуге болмайтын бөлігіне келетін болсақ, еуропалық селекциялық бұқашықтардың ұшалары сүйектердің, шеміршектер мен сіңірлердің жоғары шығымдылығымен сипатталды.
Cited by 0 works. doi:10.48081/muhf9009 Open-access PDF