ЖЕР РЕСУРСТАРЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ЭКОЛОГИЯ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ
Zhazira Zhumatayeva, Гаухар Серикбаева, Сәкен Тұрғаналиев et al. · Izdenister natigeler · 2024
Зерттеудің өзіндік ерекшелігі – Алматы облысының кең жер ресурстарын пайдалану арқылы ұтымды ауыл шаруашылығы өндірісін қамтамасыз етудегі тиімділікті арттыру жолдарын анықтауда жатыр. Бұл жер ресурстарын пайдаланудың экономикалық және экологиялық аспектілерінің интеграцияланған түсінігін қалыптастыруға көмектеседі. Мақалада Алматы облысы жер ресурстарын пайдалану тиімділігінің экология-экономикалық жай-күйі қаралды, сондай-ақ өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнімдерін ұтымды ауыл шаруашылығы өндірісіне ғылыми негізделген тәсілдерді сақтау негізінде оны арттыру жолдары ұсынылды. Бұл зерттеудің мақсаты Алматы облысының кең жер ресурстарын басқару стратегияларының тиімділігін арттыру жолдарын анықтау болып табылады. Оның басты ерекшелігі - экологиялық және экономикалық тұрғыдан тұрақты және тиімді жер пайдалану тәсілдерінің интеграциясын қалыптастыруда жатыр. Зерттеу аясында Алматы облысындағы агроөнеркәсіп кешенінде жер ресурстарын пайдаланудың ағымдағы жай-күйі талданып, өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнімдерінің өндірісін арттыруға бағытталған ғылыми негізделген жаңа тәсілдер ұсынылды. Бұл ұсыныстар жер ресурстарын тиімді пайдалануға және аграрлық сектордың экономикалық және экологиялық тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған. Негізгі қорытындылары жер ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттырудың қажеттілігін күшейтеді және бұл бағыттағы іс-шаралар агроөнеркәсіптік кешеннің дамуына оң әсер етеді деп көрсетеді. Зерттеу, осы аймақтың тәжірибесі негізінде, Қазақстанның басқа облыстары үшін де пайдалы болуы мүмкін тиімді жер пайдалану стратегияларын әзірлеуде қолданылуы мүмкін.
Cited by 7 works. doi:10.37884/2-2024/35 Open-access PDF
Authors
References
- Study on the coordinated relationship between Urban Land use efficiency and ecosystem health in China
- How trade-offs between ecological construction and urbanization expansion affect ecosystem services
- СОВЕРШЕНСТВОВАНИЕ КРИТЕРИЯ ОЦЕНКИ ЭФФЕКТИВНОСТИ УСТОЙЧИВОГО ЗЕМЛЕПОЛЬЗОВАНИЯ
- Research on the site selection of watershed public facilities as multi-use detention basin: an environmental efficiency perspective
- EFFICIENCY OF LAND USE BY PEASANT FARMS IN THE SOUTHERN REGION OF KAZAKHSTAN
- ОЦЕНКА ИСПОЛЬЗОВАНИЯ ЗЕМЕЛЬ МАЛЫМИ ФОРМАМИ ХОЗЯЙСТВОВАНИЯ В ОТРАСЛЯХ ПЛОДОВОДСТВА И ОВОЩЕВОДСТВА