КАРТОПТЫҢ ТҰҚЫМДЫҚ ТҮЙНЕКТЕРІНІҢ САПА КӨРСЕТКІШТЕРІН АНЫҚТАУ АЛГОРИТМІН ӘЗІРЛЕУ ЖӘНЕ САНДЫҚ ӘДІСТІ НЕГІЗДЕУ

Zhandos Shynybay, ҒұмарбекДәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті, КЕАҚ, Алматы, Қазақстан, Maigul Bakytova et al. · Вестник Алматинского университета энергетики и связи · 2024

Мақалада компьютерлік көру арқылы картоптың тұқымдық түйнектері мен шағын түйнектерінің массасын анықтау және олардың бейнелерін талдау негізінде олардың сапа көрсеткіштерін анықтауға арналған сандық әдісті, бағдарламаны және алгоритмді негіздеу қарастырылған. Ұсынылған сандық әдіс Python бағдарламалау тіліндегі OpenCV компьютерлік көру кітапханасы көмегімен түйнек бейнесін талдау арқылы құрылған. Түйнек массасы және оның бейнесі бойынша ұзындығы, ені, биіктігі ауданы мен периметрі сияқты түйнек өлшемдерін автоматты түрде анықтауға мүмкіндік беретін алгоритм әзірленді. Картоптың тұқымдық түйнектері мен шағын түйнектерінің сапа көрсеткіштеріне олардың сыртқы сипаттамаларына сүйене отырып талдау жасалды және бейнелерді талдау арқылы масса мен өлшемдерді автоматты түрде анықтау тәртібі жасалды. Әзірленген әдістеме бойынша дәстүрлі құралдарды қолдану арқылы және сандық әдіспен автоматтандырылған қондырғыда «Альянс» сұрыптыкартоп түйнектерінің параметрлері анықталды. Жүргізілген тәжірибелердің нәтижелерін өңдеу және талдау кезінде штангенциркульмен өлшенген және автоматтандырылған қондырғыда анықталған ұзындық, ені және биіктік мәндері іс жүзінде сәйкес келетінін көрсетті. Алгоритм мен бағдарлама, сызықтық өлшемдерден басқа, түйнектің қимасының ауданы мен периметрін анықтауды, содан кейін әр түйнектің индексі мен пішін коэффициентінің мәндерін есептеуді қамтамасыз етеді. Жұмыстың ғылыми жаңалығы түйнектердің салмағы, ұзындығы, ені, биіктігі, ауданы және периметрі сияқты өлшемдерін дәл және тиімді анықтауға мүмкіндік беретін жаңа сандық әдісті әзірлеу және қолдану болып табылады. Жүргізілген ғылыми зерттеулер ұсынылған әдіснегізінде автоматтандырылған талдау қолмен өлшеу әдісімен салыстырғанда жеті есе жылдам екенін дәлелдеді.

Cited by 0 works. doi:10.51775/2790-0886_2024_65_2_84

Authors