АЙҚЫН ЕМЕС ОРТАДА БАСҚАРУ АЛГОРИТМІ НЕГІЗІНДЕ КАТАЛИТИКАЛЫҚ КРЕКИНГ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҮРДІСІ ЕСЕБІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Д.О. Кожахметова, A. Adylkanova, Dinara Kurushbayeva et al. · Bulletin of D Serikbayev EKTU · 2024

Мақалада Атырау мұнай өңдеу зауытының каталитикалық крекинг қондырғысы мысалында технологиялық үрдіс жұмыс режимін оптимизациялау есебі формализациясы қарастырылды. Бастапқы ақпараттың айқынсыздық жағдайына, көпкритерийлік мәселесін шешу үшін компромистік сұлба мен оптималдық принцип идеясы пайдаланылды. Атырау мұнайөңдеу зауытының каталитикалық крекинг қондырғысын басқару жүйесінде жүргізілген зерттеулер нәтижелері алынды. Логикалық «егер..., онда...» қорытынды түрінде технологиялық жағдайдың туындауы кезінде басқарудың мәліметтер ережесін пайдаланып, Matlab Fuzzy Logic Toolbox ортасында реакторды айқын емес ортада басқару есебі келтірілді.

Cited by 0 works. doi:10.51885/1561-4212_2024_2_38 Open-access PDF

Authors