ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ САЛАСЫНДАҒЫ ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕР

Ж. Ж. Талипова · Bulletin of Toraigyrov University Law series · 2024

Қазіргі әлем үшін барлық жерде цифрландыру тән, ол бір жағынан адамдар үшін, оның ішінде дербес деректер саласында жаңа цифрлық мүмкіндіктер туғызады, ал екінші жағынан – жаңа тәуекелдердің туындауына түрткі болады. Соңғы жылдары дербес деректерді пайдалана отырып жасалған қылмыстар саны тұрақты өсуде. Дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамада заңды күшіне енген, өңдеу тәртібіне қойылатын талаптар күшейтілген және осы саладағы бұзушылықтар үшін жауапкершілік шараларын күшейткен өзгерістер бірқатар мәселелерді, соның ішінде жұмыс берушілер үшін өз жұмыскерлерінің деректерін өңдеу бөлігінде өзектендірді. Мақала жаһандық цифрландыру дәуіріндегі еңбек қатынастары саласындағы дербес деректерді қорғау мәселелеріне арналған. Осы мақаланың мақсаты өңдеудің жалпы қағидаларын еңбек қатынастарының салалық ерекшеліктеріне бейімдейтін жұмыскердердің дербес деректерін қорғау саласында ұсынымдар әзірлеу болып табылады. Мақалада жұмыскердің дербес деректерінің ұғымы, оның еңбек шартын жасасудағы маңызы, еңбек қатынастары саласында жұмыс беруші жұмыскердің дербес деректерін жинауды, өңдеуді және қорғауды қамтамасыз ету, сақтау тәртібі мен оны жүзеге асырудың талаптары мен тәртібі қарастырылған. Сонымен қатар ұйымда жұмыскерлердің дербес деректерін қорғау мақсатында ол туралы ереже бекіту мен оған қойылатын талаптар енгізу бойынша ұсыныс жасалынған. Кілтті сөздер: дербес деректер, адам құқықтары, ақпарат, еңбек қатынастары, жұмыс беруші мен жұмыскер.

Cited by 0 works. doi:10.48081/tolw4745 Open-access PDF

Authors