ЖҰМЫС БЕРУШІНІҢ БАСТАМАСЫ БОЙЫНША ЖҰМЫСКЕРЛЕРДІҢ КІНӘЛІ ӘРЕКЕТТЕРІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЕҢБЕК ШАРТЫН БҰЗУ НЕГІЗДЕРІ
Қ. Тұрлыханқызы, Avak Vartanian · Bulletin of Toraigyrov University Law series · 2024
Қазіргі экономикалық жағдайда еңбек қатынастарын тоқтату туралы мәселелер ерекше өзекті болып табылады. Еңбек қатынастарын реттейтін ережелер арасында еңбек шарты институты ерекше орын алады. Бұл институт құрамында - еңбек шартын тоқтату және бұзу ережелері маңызды рөлді иемденеді. Осы аталған норма арқылы жұмыс беруші мен жұмыскедің құқықтары мен мүдделерін қорғауды қалыптастырады. Нақты тоқталсақ, еңбек шарты бұзылған кезде жұмыскердің құқықтары мен мүдделерін қорғайтын бегілі бір кепілдемелерге сәйкес келеді. Демек, еңбек шартын бұзу еңбек құқығы институтының маңызды мәселелерінің бірі болып табылады және әрқашан ғалымдар мен заң шығарушылар назарында болатын құбылыс. Бұл мақалада еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша жұмыскерлердің кінәлі әрекеттеріне байланысты бұзу негіздерінің жалпы сипаттамасы және олардың жіктелуіндегі ерекшеліктерін заңнамада шешу, реттеу қарастырылады. Зерттеу барысында еңбек шартын бұзу кезінде заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері, еңбек қатынастарын тоқтатуға негіздердің болуы оны әрдайым тоқтата бермейді. Кейбір жағдайларда, еңбек кодексінде көрсетілген негіздемемен қатар, тиісті тұлғаның әрекеті ретінде белгілі бір заңды акт қажет, ол жұмыс берушінің бұйрығы немесе жұмыскердің өтініші, белгіленген заңды тәртіппен ресімделген және оны бұзу туралы шарт тарапының еркін көрсететіндігі пікірталас ретінде көтеріледі. Зерттеу нəтижесінде авторлар жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу тәртібін сипаттайтын еңбек заңнамасын жетілдіру қажет деген ұсынымдар ұсынылды. Кілтті сөздер: жұмыскер, жұмыс беруші, еңбек, еңбек құқығы, еңбек шарты, еңбек шартын бұзу, еңбек қатынастары, еңбек даулары.
Cited by 0 works. doi:10.48081/itqs4345 Open-access PDF